1) Атырау облыстық балалар ауруханасында шұғыл балалар хирургиясы бөлімі ашылды. Бұл қор салған және толық жабдықталған бесінші хирургия бөлімі. Мұнда ең озық медициналық қондырғылар орнатылған үш операциялық блок орнатылған. Травматология және жедел жәрдем бөлімшелеріне жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, жиһаз және техника сатып алынды.
Барлығы жобаға 600 250 000 теңге жұмсалды
2) Ресейдің еңбек сіңірген балалар хирургі, профессор Юрий Соколов Ақтау және Атырау қалаларындағы шұғыл балалар хирургиясы бөлімдерінде жұмыс істейтін қазақстандық дәрігерлерге шеберлік сабақтарын ұйымдастырды. Дәрігер жергілікті хирургтердің көмегімен 4 пен 17 жас аралығындағы балаларға 7 күрделі лапароскопиялық ота жасады.
Барлығы 5 000 000 теңге жұмсалды
3) Алматыда «Сәби» Қоры және Bulgari зергерлік бұйымдары мен сағат үйінің қайырымдылық кеші өтті. Жиналған 53 000 000 теңге қаражат қор ашқан хирургия бөлімдеріне жоғары технологиялық медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға бағытталады.