«Сәби» қайырымдылық қорының миссиясы – жүйелі әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру арқылы қоғамның орнықты дамуы мен өркендеуіне жағдай жасау. Біз балалар мен жастарға сапалы медициналық көмекке, заманауи технологияларға, білім мен спорт инфрақұрылымына қолжетімділікті қамтамасыз етуге ұмтыламыз Сонымен қатар, біз ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрлерді дәріптеуді, сондай-ақ Қазақстанның қайталанбас табиғи экожүйелерін сақтауды маңызды деп санаймыз. Біздің жобалар барлық азаматтар үшін тең мүмкіндік қамтамасыз етіп, әлеуметтік бейімделуге ықпал етіп, елдегі орнықты өзгерістерді нығайтуға бағытталған.
«Сәби» қорының мақсаттары:
Қазақстанның өңірлеріндегі балалар үшін білікті әрі қолжетімді медициналық көмекті қамтамасыз ету. Елдің әрбір өңірінде балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету және жарақат пен жедел аурулар салдарынан болатын мүгедектік пен өлім-жітім деңгейін азайту мақсатында жоғары технологиялық балалар жедел хирургиясы бөлімшелерін ашу.
KPI – 2030 жылға дейін Қазақстан өңірлерінде жоғары технологиялық жабдықтармен жарақталған 10 заманауи балалар жедел хирургиясы бөлімшесін салу және іске қосу.
Тиісті ТДМ 3: Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатына ықпал ету
Қазақстан қалаларында заманауи жалпы білім беретін мектептер салу – балаларға сапалы білім беруді қамтамасыз ету және білім беру инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жүзеге асырылады. Бұл бастама елімізде оқу үдерісін жетілдіре отырып, білімге тең қолжетімділік жағдайын жасауға ықпал етеді.
KPI – 2035 жылға дейін Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептерде үш ауысымды оқыту жүйесін толықтай жоюға қол жеткізу.
Тиісті ТДМ 4: Сапалы білім және ТДМ 11: Тұрақты қалалар мен елді мекендер.
Қазақстанның әрбір өңірінде тегін робототехника және STEM-білім беру (ғылым, технология, инженерия және математика) орталықтарын дамыту және кеңейту. Бұл бастама – балалар мен жастардың әлеуметтік жағдайына қарамастан техникалық дағдыларын жетілдіруге және инновациялық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған.
KPI – 2030 жылға дейін Қазақстанның 10 өңірінде балаларға арналған заманауи, инновациялық жабдықтармен қамтылған тегін робототехника орталықтарын ашу.
Тиісті ТДМ 4: Сапалы білім және ТДМ 11: Тұрақты қалалар мен елді мекендер.
Әлеуметтік осал санаттағы балалар мен жастарды қолдау арқылы қоғамдағы теңсіздікті азайту. Қазақстандағы барлық балалар үйлерін өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға арналған дағдарыс орталықтарына кезең-кезеңімен ауыстыру. Мұндай орталықтарда әлеуметтік және психологиялық бейімделуге қолайлы орта құрылып, балаларға тең мүмкіндіктер ұсынылады. Сонымен қатар, балалар үйінің түлектеріне арналған әлеуметтік жатақханалар ашу, оларды кәсіби бағдарлау және жұмыспен қамтуға бағытталған кешенді бағдарламаларды жүзеге асыру.
KPI – 2040 жылға дейін Қазақстан Республикасындағы барлық балалар үйлерін дағдарыс орталықтары форматына көшіруді қамтамасыз ету.
Тиісті ТДМ 10: Теңсіздікті азайту.
Қала мен ауылды елді мекендердегі балалар мен жастар үшін қауіпсіз әрі орнықты инфрақұрылым қалыптастыру. Тегін инклюзивті спорт және ойын алаңдарын салу мен жаңғырту, балалардың тұратын жеріне қарамастан сапалы инфрақұрылымға қол жеткізуін қамтамасыз ету, дене дамуы мен салауатты өмір салтын қолдау.
KPI – 2030 жылға дейін Қазақстанның өңірлерінде 55 тегін балалар және спорт алаңын салып, қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз ету.
Тиісті ТДМ 3: Салауатты өмір салты және адамдардың амандығы, ТДМ 11: Тұрақты қалалар мен елді мекендер.
Қазақ халқының тілі, мәдениеті мен дәстүрлерін балалар мен жастар арасында сақтау және кеңінен насихаттауға ықпал ету.
KPI – ұлттық мәдениет пен тілді қолдауға бағытталған білім беру бастамаларын дамыту, кәсіби байқаулар, шеберлік сабақтары мен ағартушылық шараларын ұйымдастыру.
Тиісті ТДМ 4: Сапалы білім.
Қозғалыс мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғам өміріне белсене араласуына және әлеуметке толыққанды бейімделуіне жағдай жасау, олар үшін лайықты өмір сүру ортасын қалыптастыру.
KPI – ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өз әлеуетін толық жүзеге асыру деңгейін арттыру, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету, олардың әлеуметтік қорғау шараларын күшейту, әлеуметтік мекемелердің материалдық-техникалық базасын жақсарту, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мәселелеріне деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру.
Тиісті ТДМ 10: Теңсіздікті қысқарту.