Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышевтің "Сәби" қайырымдылық қоры Астана қаласына дарынды балаларға арналған мектеп…
«Сәби» қоры Петропавл қаласында жаңадан Шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесін ашты. Бұл қордың есебінен салған және толық жабдықталған төртінші хирургия болып табылады. Мұнда ең күрделі хирургиялық операцияларды жасауға мүмкіндік беретін ең озық медициналық құрал-жабдықтар орнатылған үш операциялық блок іске қосылды. Жөндеу алаңы – 620 ш.м. құрады. Нысанның құны 335 млн теңгені құрады.
«Медициналық бағдарламаны әзірлеу кезінде Қор жүйелі тәсілді ұстанады: біз жоғары технологиялық хирургиялық бөлімшелердің құрылысына демеу беріп қана қоймай, осы ауруханаларда жұмыс істейтін дәрігерлер үшін жетекші халықаралық хирургтермен біліктілікті арттыру курстары мен шеберлік сабақтарын ұйымдастырамыз. Заманауи хирургиялық кешендер салынған қалалар кездейсоқ таңдалған жоқ: бұл ұйымдар он мыңдаған кішкентай пациенттерге қызмет көрсететін жалғыз мамандандырылған медициналық мекемелер», - деді ашылу салтанатында «Сәби» қайырымдылық қорының президенті Әсел Тасмағамбетова өз ойымен бөлісті.
Бұған дейін қор «Шұғыл балалар хирургиясы» жобасы аясында Алматы, Семей және Ақтау қалаларында қалалық ауруханалар негізінде бөлімшелер салған болатын. Осылайша жобаның жалпы бюджеті 1 миллиард 73 миллион теңгені құрады.
Барлық ауруханаларда балаларды емдеу тегін жүргізіледі.
«Сәби» қайырымдылық қоры Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде 20 жыл ішінде жалпы сомасы 2,4 млрд теңгеге қолдау көрсетті.
Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышевтің "Сәби" қайырымдылық қоры Астана қаласына дарынды балаларға арналған мектеп…
«Сәби» Қайырымдылық Қоры Атырау қаласында бесінші жоғары технологиялық Шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесін ашты. Бұл…
«Сәби» Қоры көп жылдар бойы өз тарихын жоғары деңгейде қайырымдылық шараларын өткізіп келеді. Біз 2008 жылдан бастап…