«Сәби» Қайырымдылық Қоры Атырау қаласында бесінші жоғары технологиялық Шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесін ашты. Бұл…
Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышевтің "Сәби" қайырымдылық қоры Астана қаласына дарынды балаларға арналған мектеп сыйға тартты.
«Сәби» қайырымдылық қорының арқасында дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінде 18 жыл ішінде алғаш рет жаңа заманауи ғимарат пайда болды. Қор ауданы 10 мың шаршы метрден асатын халықаралық экологиялық стандарттарға сай мектеп ғимаратын салып қалаға сыйға тартты. Мектеп ғимаратының 3 мың ш.м. спорт және ойын аймақтарына арналған.
Мектеп құрылысы 2023 жылдың желтоқсан айында басталды.
Құрылыстың сметалық қаражаты 4 миллиард теңгені құрады.«Зерде» мектебі жаңа ғимаратының ресми ашылуына Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, «Сәби» қайырымдылық қорының негізін қалаушылар - эколог Әсел Тасмағамбетова және қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев, сондай-ақ Астана қаласы білім басқармасының өкілдері қатысты.
«Зерде» мектебі «Сәби» Қорының жүйелі қайырымдылық бағдарламасына енді. Қор 20 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан өмірінің көптеген салаларын дамытуға үздіксіз жұмысты терең талдау негізінде, кешенді түрде, құрылымдық тұрғыдан көмектесіп келеді. Бұған дейін «Сәби» қорының қолдауымен Қызылорда қаласында балалар үйі, Ақтөбе қаласында «Мейiрім» балалар үйінің түлектеріне арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы, Алматы қаласында Наурызбай ауданындағы 1200 балаға жалпы білім беретін №174 мектеп-гимназиясы сияқты ірі нысандар жобаланып тұрғызылған болатын.
22 жылдық үздіксіз жұмыс барысында «Сәби» Қоры 50 млрд. теңгеге жуық сомаға отандық әлеуметтік жобаларды қолдап, іске асырды. «Біз балалар үйлері мен мектептердің іргесін қалаумен қатар, ауруханаларды қайта құру жұмыстарын жүргіземіз және мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсартуға атсалысамыз. Әлеуеті жоғары жас бизнес жобаларына қолдау көрсетіп келеміз. Біздің басты назарымыз білім беру, денсаулық сақтау және дарынды жастардың әлеуетін дамытуға бағытталған. Бұл басқаша айтқанда импакт-инвестиция, яғни біздің балаларымыздың болашағын жақсы жаққа қарай өзгертетін пайдалы әсері бар инвестициялар. «Зерде» мектебі Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты. «Сәби» Қоры мектептің әлеуетін күшейту және табысты білім беру тәжірибесін болашақта кеңейту үшін білім берудегі халықаралық стандарттарға сай ғимаратты оқу орнына сыйға тарту туралы шешім қабылдады. Оқудың қолайлы жағдайлары мен заманауи технологиялар мектепке дамудың жаңа деңгейіне шығуға көмектеседі деп үміттенеміз», - деп эколог, «Сәби» қайырымдылық қорының президенті Әсел Тасмағамбетова үмітін білдірді.
«Зерде» мектебінің негізгі бағыты – физика-математика және жаратылыстану ғылымдарын қазақ және ағылшын тілдерінде тереңдетіп оқыту.
Бүгінгі таңда мектеп-лицей қазақстандық білім беру саласында көшбасшы орынға ие: 110 «Алтын белгі» иегерлері, 85 түлегі әлемнің беделді жоғары оқу орындарына түсті, 446 түлегі ҚР жоғары оқу орындарында оқиды, 135 адам Назарбаев университетінің грантын иеленді. Оқушылар халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарында жоғары нәтижелер көрсетіп, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері атанып келеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша лицей Республиканың 100 мектебінің «Үздік 50 олимпиадалық мектеп» рейтингіне кіріп, «Үздік олимпиадалық мектеп» номинациясында елордамыздың үздік 10 мектептің қатарына енді. «Сәби» қорының жобасы бойынша «Зерде» мектебінің жаңа ғимаратында жайлы және жасампаз білім беру үдерісі үшін барлық жағдайлар жасалған: барлық қажетті жабдықтармен және эргономикалық жиһаздармен жабдықталған ыңғайлы заманауи сыныптар бар.
Оқу орнындағы әр қабатта балалардың демалуы үшін көлге панорамалық көрініс ашылатын терезелер, жұмсақ жиһаздар және жасыл аралдар орнатылған жарық және кең демалыс орындары қарастырылған; жабдықталған ойын алаңдары: әр қабатта теннис үстелі, оқу залы бар кітапхана; зертханалар; медиа-клуб; мектеп парламентіне арналған жеке зал; STEM кабинеті; мұғалімдерге арналған коворкинг аймағы; киім ауыстыру бөлмесі, костюмдер бөлмесі және қоймасы бар кең акт залы; гимнастикалық аймағы және бақылау балконы бар үлкен спорт залы; қыздар мен ұлдарға арналған бөлек киім ауыстыру бөлмелері; барлық қабаттарда және спорт залында орналасқан душ бөлмелері; лифттер. Мектептің аумағы бірнеше спорттық аймақтармен қоршалған. Мектепте ауқымды заманауи асхана бар, онда барлық сыныптар бір уақытта таңғы ас пен түскі ас іше алады.
Жаңа ғимаратта экологиялық мәселеге ерекше назар аударылады: ғимаратта баламалы энергия көздері пайдаланылады, жылу және энергия үнемдеу жүйелері орнатылған, қоқыстар бөлек жиналады. Көктемде биология бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізу және жақын маңдағы флора мен фаунаға табиғи экоаймақ құру үшін жылыжайлар мен оранжереялар салу жоспарлануда.
«Сәби» қоры жаңа корпус пен көптеген ойын аймақтарынан бөлек, «Зердеге» заманауи робототехника сыныбын сыйлап, тігін шеберханасын жабдықтады.
«Сәби» Қайырымдылық Қоры Атырау қаласында бесінші жоғары технологиялық Шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесін ашты. Бұл…
«Сәби» Қоры көп жылдар бойы өз тарихын жоғары деңгейде қайырымдылық шараларын өткізіп келеді. Біз 2008 жылдан бастап…
Институтты осыдан 10 жыл бұрын «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетова негізін қалаған, ол қоршаған ортаны…