«Сәби» қайырымдылық қоры Қазақстандағы алғашқы жеке қайырымдылық ұйымдарының бірі болып саналады. Қорды 2002 жылы оның президенті Әсел Тасмағамбетова медициналық, білім беру, спорт салаларында ауқымды әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ елдегі коммерциялық емес сектордың кәсіби деңгейін жан-жақты дамыту және арттыру мақсатында құрған.
Қор жұмысының негізгі қағидаттары – қайырымдылыққа жүйелі көзқарас, көмектің барлық кезеңдерінде бенефициарларға білікті қолдау көрсету, есеп беру және ашықтық, бастапқы әлеуметтік жобаларды бастау және жүзеге асыру, серіктестермен және меценаттармен тұрақты диалог пен ынтымақтастық, туындаған мәселелерге жедел шешім қабылдау, қоғамның өзекті мәселелеріне қатысу.
20 жылдан астам белсенді және үздіксіз қызметте Қор республикалық маңызы бар бірқатар өзіндік бірегей бағдарламаларды әзірлеп, іске қосты. Қор елімізде теңдесі жоқ әлеуметтік нысандарды басынан бастап салады, медициналық мекемелерді жөндеуден өткізіп, жоғары технологиялық құрал-жабдықтармен толықтай жарақтандырады, Қазақстан Республикасының қалалары мен аудандарында балалар ойын кешендері мен ойын алаңдарын салады, үздіктерге елдегі және дүние жүзіндегі жоғары оқу орындарында білім гранттарын береді, заманауи даму бағдарламалары мен курстарын енгізеді, экологиялық бағытта байыпты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді, қайырымдылық акцияларын өткізеді және мұқтаж жандарға атаулы көмек көрсетеді.
Қор ірі компаниялардың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін жүзеге асырудағы серіктесі болып табылады. «Саби» өз қызметінің барлық салаларында қаржылық, сараптамалық, консультациялық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді.