«Сәби» Қоры Атырауда хирургиясы бөлімшесін ашты

«Сәби» Қайырымдылық Қоры Атырау қаласында бесінші жоғары технологиялық Шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесін ашты. Бұл Қордың «Шұғыл балалар хирургиясы» жобасы аясында жүзеге асырып жатқан ең үлкен нысан болды. Мұнда ең күрделі хирургиялық операцияларды жасауға мүмкіндік беретін озық медициналық жабдықтары орнатылған үш операциялық блок жасалды. Нысанның құны 569 млн теңгені құрады. Жөндеу жұмыстарының ауданы 900 ш.м. болды.

Қор Алматыда 2019 жылдың мамыр айында алғашқы Шұғыл хирургия бөлімін ашты. Екіншісі – 2020 жылдың қаңтарында Семей қаласында ашылды. Үшіншісі – Ақтауда 2021 жылдың маусымында, ал төртіншісі Петропавлда 2022 жылдың ақпанында іске қосылды. Жобаның жалпы бюджеті 1 млрд 636 млн теңгені құрады.

«2002 жылы «Сәби» Қоры ашылған уақыттан бері медициналық бағыт әрқашан басым бағыттардың бірі болды және болып қала береді. Қордың «Медициналық жобасы» облыстық медициналық мекемелерден бастап ауылдық шағын емханаларға дейін Қазақстанның барлық аймақтарын қамтиды. Оның ішінде ауруханаларды жөндеу және қайта құру, жабдықтау және мамандарды даярлау, дәрі-дәрмек сатып алу және дәрігерлерге қолдау көрсету жатады.

Қазақстандағы медициналық мекемелер ғимараттарының 60 пайызы сонау өткен ғасырдың 50-60-жылдары салынған. Сол ауруханалардың жобасы қазір ескірген, өйткені олар сонау Кеңес заманындағы ҚНжЕ мен СанЕжН-ға сәйкес жүргізілді және әлі күнге дейін қолданыста. Көптеген ауруханалар мен емханалар жаңғыртуды және қайта жабдықтауды өте қажет етеді. Заманауи аурухана ол - арақабырғалары жоқ кеңістіктерден, жайлы күту орындардан, интуитивті навигациядан, жоғары технологиялық жабдықтар мен ең білікті мамандардан құралу керек. Жоғарыда аталған факторлардың барлығын ескере отырып, біз Ақтау, Алматы, Семей, Петропавл және Атырау қалаларында балалар хирургиясының Шұғыл ота жасау бөлімдерін салдық. Біз екі жаққа – дәрігер мен науқасқа барынша қолайлы жағдай жасаймыз», – деп «Саби» Қайырымдылық Қорының президенті Әсел Тасмағамбетова өз ойымен бөлісті.

Атыраудағы хирургиялық бөлімше облыстық балалар ауруханасының негізінде салынып, қала мен облыстың 250 мыңнан астам балаларын медициналық қызметпен  қамтиды.

Аурухана ғимараты 1974 жылы пайдалануға берілсе, соңғы рет медициналық мекеме 2013 жылы жөндеуден өтті, бірақ та жұмыстар сонау 2000 жылы бекітілген стандарттар бойынша жүргізіліп,  қазіргі кездегі пациенттер мен дәрігерлердің талаптарына толық сәйкес келмейтін.

Толық жөндеу және заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтау дәрігерлерге тасымалдау кезінде қымбат уақытты жоғалтпай, бірегей операцияларды орнында жүргізуге мүмкіндік береді, ал уақтылы медициналық көмек балалардың мүгедектігін айтарлықтай азайтатын болады.

 

14.11.2023
24.10.2024
"Сәби" қайырымдылық қоры…

Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышевтің "Сәби" қайырымдылық қоры Астана қаласына дарынды балаларға арналған мектеп…

Оқиға
24.11.2022
Saby x Bvlgari қайырымдылық…

«Сәби» Қоры көп жылдар бойы өз тарихын жоғары деңгейде қайырымдылық шараларын өткізіп келеді. Біз 2008 жылдан бастап…

Оқиға
01.07.2022
Қазақстан Президенті…

Институтты осыдан 10 жыл бұрын «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетова негізін қалаған, ол қоршаған ортаны…

Оқиға