Қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсету саласын оны бірінші кезекте балаларға арнап бағыттаумен жетілдіру
Баланың ересек өмірге келуіндегі маңызды және жауапкершілігі мол кезең – білім алуы болып саналады. Сондықтан оқу орнының сапасына көп көңіл аудару қажет. №174 мектеп-гимназия оқу қызметіне қажетті барлық қорды ұсынады.
«Сәби» қайырымдылық Қоры Орталық Азия экологиялық зерттеу институтымен бірге
2019 жылы Ақтау қаласында Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығын ашты.
Ғимараттар мен құрылыстарды салу, үй-жайларды күрделі жөндеу, қайта қалпына келтіру және жабдықтау бойынша жұмыстарын жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының балалар әлеуметтік мекемелерінде, оның ішінде ауруханаларда, балалар үйлерінде, мектеп-интернаттарда тұрмыстық жағдайларды жақсарту.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға өзін-өзі жүзеге асыру деңгейін арттыру, олар үшін лайықты өмірлік жағдайлар жасау, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жетімдіктерін ұйымдастыру, мүгедектерді қоғамға ықпалдастыру және оңалту үшін жағдай жасау.
Қазақстанның балалар әлеуметтік мекемелерінің тәрбиеленушілеріне дене шынықтырумен және спортпен айналысуына, олимпиадалық, ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамытуға арнап жағдайлар тудыру;
Қазақстанда емделмейтін аурулармен сырқаттанушы, балаларды шетел емханаларында емдеу және операцияларды қаржыландыруға қаражаттар жинау.
Алматы қаласында және Қазақстан Республикасының басқа да аумақтарында әлеуметтік мекемелердегі тәрбиеленушілерге және балалар үйінің түлектеріне кейіннен қоғамда бейімделіп кетуіне жағдай жасау
Жасөспірімдер үйілернің түлектеріне әлеуметтік арнаулы көмек көрсету бойынша мақсатқа лайықты шараларды жүзеге асыру арқылы олардың әлеуметтік мәртебесін көтеру.
Келешегінен үміт күттіретін және дарынды жастарға (балалар мен жасөспірімдерге) олардың зейіндік және шығармашылық дамуы, өмірлік қалыптасуы мен әлеуметтік тұрғыдан мүмкіндіктерін жүзеге асыру барысында қолдау көрсету