- «Сәби» қоры ашқан Петропавл және Семей қалаларындағы шұғыл балалар хирургиясы бөлімшелері үшін кәсіби эндоскопиялық жабдықтар: несеп-жыныс жүйесі ауруларын диагностикалау және жедел емдеу үшін жоғары дәлдіктегі цистоскоптар мен уретерореноскоп, тыныс алу жолдарының патологиясы бар кішкентай пациенттерге көмек көрсету үшін балалар бронхоскопиясының жиынтығы табысталды.
Ауруханаларға арналған жабдықтарды сатып алу «Сәби» қорының Bvlgari зергерлік үйімен бірге өткізген қайырымдылық кешінің арқасында мүмкін болды. Сатып алынған жабдықтың жалпы құны 53 миллион теңгені құрады.
- Семей, Ақтау, Петропавл және Атырау жедел балалар хирургиясы бөлімшелерінде жұмыс істейтін бес қазақстандық балалар хирургтарының біліктілігін арттыру курстары Ресей медициналық үздіксіз кәсіптік білім беру академиясында ұйымдастырылды.
Жұмсалған қаражат сомасы 5 015 774 теңгені құрады.