«Сәби» қорының пайдасына Messika-ның ұйымдастырған қайырымдылық кеші

Күні кеше Алматыда француз зергерлік маркасы - Messika қайырымдылық гала-коктейлі өтті. Кеш қонақтарына эксклюзивті зергерлік бұйымдар коллекциясы ұсынылды, сатылымнан түскен қаражаттың бір бөлігін «Сәби» қорына сыйға тартты.

«Біздің қорды жеке компаниялар бенефициар ретінде таңдағанына мен шын жүректен ризамыз. Коммерциялық сектордың осындай бастамалармен ынталанғанның өзі біздің елде қайырымдылық дәстүрлері қалыптасып келе жатқандығын көрсетеді және бұл қуантып отыр», - деп өз ойымен «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетова бөлісті.

Осы шарадан қайырымдылыққа жиналған 24 миллион теңге Ақтау қаласындағы шұғыл балалар хирургиясының құрылысына Қормен бағытталатын болаты. Бұл 2018 жылы басталған жедел балалар хирургиясы жобасы аясында үшінші хирургиялық бөлім болайын деп тұр.

Алдындағы екі нысанды 2019 жылы сәуірде Алматыда және 2020 жылы қаңтарда Семейде  ашқан болатын. Бұл балаларға жоғары деңгейдегі шұғыл операцияларды жасауға мүмкіндік беретін, жоғары технология бойынша жабдықталған операциялық блоктар болып табылады. Жалпы жұмсалған қаражат көлемі 421 000 000 теңгені құрады.  

Ақтауда жаға оперблокты салудың алдын-ала құны 250 млн теңгені құрайды, оның бір бөлігін біз жинадық, соның ішінде Messika брендінің қолдауымен жиналған қаражаттар да бар.

Біз ұйымдастырушыларға керемет кеш үшін және біздің қорды бенефициар ретінде таңдағаны үшін алғыс айтамыз. Сіздің көмегіңізге баға жетпес!

15.12.2020
27.05.2024
Семей қаласына арналған…

Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры фибробронхоскопы бар балалар бронхоскопиясына…

Медициналық жоба
19.03.2024
Петропавл қаласына…

Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласында «Сәби» Қоры үшін Bvlgari зергерлік бұйымдары мен сағаттар үйі қайырымдылық…

Медициналық жоба
27.12.2023
Қазақстан дәрігерлеріне…

«Сәби» қоры өз қызметінде жүйелілік принципін ұстанады, барлық бағыттағы жобаларды дамытады. Сондықтан «Шұғыл…

Медициналық жоба