Семей қаласына арналған медициналық жабдықтар

Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры фибробронхоскопы бар балалар бронхоскопиясына арналған медициналық жабдық сатып алып, тапсырғанын хабарлауға асығамыз. Бұл медициналық жабдық тыныс алу жолдарының патологиясы бар – соматикалық, шұғыл, ауыр және патологиялық науқастарға, коматозды жағдайда, ӨЖЖ аппаратында көмек көрсету үшін қажет. Аурухана жылына 120-дан 170-ке дейін осындай патологиямен келетін науқастарға қызмет көрсетеді.

Жабдықты сатып алу өткен жылдың қараша айында Bvlgari зергерлік-сағаттық үйімен өткізілген "Сәби" Қорының қайырымдылық кешінің нәтижесінде мүмкін болды. Аталған кеште BVLGARI зергерлік бұйымдарын сату аукционы және біздің Қордың атына түскен қайырымдылық қаражат нәтижесінде 53 000 000 теңге сомасы жиналды. Жиналған қаражат "Сәби" қорының Семей және Перопавол қалаларында ашқан хирургиялық бөлімшелерге жоғары технологиялық медициналық жабдықтар сатып алуға бағытталды.

Жаңа заманауи жабдықтар аурухана пациенттеріне жоғары сапада медициналық көмек көрсету деңгейі мен көлемін арттыруға және қызмет көрсетілетін балалар санын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Біз Bvlgari үйіне, серіктестерімізге, Қордың достарына және біздің құрметті меценаттарымызға көрсеткен қолдауы, жоғары сенімі және әлеуметтік жобамызды жүзеге асыруға атсалысқаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!

27.05.2024
21.11.2024
Балалар дәрігерлерінің…

2018 жылы «Сәби» қоры Қазақстан өңірлерінде балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында «Шұғыл…

Медициналық жоба
19.03.2024
Петропавл қаласына…

Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласында «Сәби» Қоры үшін Bvlgari зергерлік бұйымдары мен сағаттар үйі қайырымдылық…

Медициналық жоба
27.12.2023
Қазақстан дәрігерлеріне…

«Сәби» қоры өз қызметінде жүйелілік принципін ұстанады, барлық бағыттағы жобаларды дамытады. Сондықтан «Шұғыл…

Медициналық жоба