Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры фибробронхоскопы бар балалар бронхоскопиясына…
2018 жылы «Сәби» қоры Қазақстан өңірлерінде балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында «Шұғыл балалар хирургиясы» республикалық жобасын іске қосты. Жоба аясында Алматы, Семей, Ақтау, Петропавл, Атырау қалаларында шұғыл травматологиялық және хирургиялық көмек көрсету бағытында бес жоғары технологиялық бөлімшелері ашылды.
Дәрігерлердің кәсіби даярлығы салынған хирургиялық бөлімшелердің жабдықталу деңгейіне толық сәйкес келуі үшін қор дәрігерлерге Ресей мен Қазақстанның үздік мамандарының тренингтері мен курстарын жүйелі түрде ұйымдастырып және қаржыландырып келеді.
Өткен айда қор Семей, Петропавл, Ақтау және Атырау балалар хирургиясы бөлімшелерінде жұмыс істейтін бес балалар хирургтарын Мәскеуге оқуға жіберді. Дәрігерлер Ресейдің үздіксіз кәсіби білім беру медициналық академиясында еңбек сіңірген профессор Юрий Соколовтың жетекшілігімен біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Дәрігерлердің оқу, барып-келу, тұру және тамақтану шығындарын толығымен қор қаржыландырды.
Бір айға созылған «Педиатриядағы Эндохирургия» және «Балалар хирургиясы» курстары теориялық және практикалық медициналық білім мен дағдыларды алудан, сондай-ақ күрделі операцияларға тікелей қатысудан тұрды. Қазіргі уақытта дәрігерлер Қазақстанға оралып, алған білімдері мен тәжірибелерін ҚР өңірлерінде балалардың өмірін сақтап қалу бағытында белсенді қолдануда.
Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры фибробронхоскопы бар балалар бронхоскопиясына…
Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласында «Сәби» Қоры үшін Bvlgari зергерлік бұйымдары мен сағаттар үйі қайырымдылық…
«Сәби» қоры өз қызметінде жүйелілік принципін ұстанады, барлық бағыттағы жобаларды дамытады. Сондықтан «Шұғыл…