Қордың 23 жылдық мерейтойы қарсаңында  біз ерекше мақтанышпен еске алатын маңызды жобалардың бірі – Қызылорда қаласында бой көтерген  Балалар үйі.

Бұл Балалар үйі тағдыр тәлкегіне түскен, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін нағыз жылулық пен қамқорлықтың ордасына айналды. Бұл жоба аясында балаларға тек медициналық көмек пен білім ғана емес, үйдегідей жайлы әрі қауіпсіз ортада эмоционалды даму үшін заманауи әрі қауіпсіз орта құрылды.

Жобаның басты мақсаты – балалардың жан-жақты дамуына, жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жайлы өмір сүруіне жағдай жасау. Мұнда жоғары білікті мамандар, психологтар мен педагогтар қызмет ететін Монтессори орталығы жұмыс істейді. Олар әрбір балаға ерекше ықыласпен қарап, қоғамға бейімделуіне және болашаққа сеніммен қадам басуына қолдау көрсетеді.

Балалар үйі заманауи сәулеттік шешімдерімен ерекшеленеді. Жайлы бөлмелер, ойын алаңдары, оқу кабинеттері мен медициналық бөлімдер – барлығы балалардың өзін қауіпсіз әрі қамқорлықта сезінуі үшін мұқият жоспарланған. Ең басты мақсат – олардың өзіне деген сенімін және дербестігін қалыптастыруға жағдай жасау.

Бүгінгі таңда Балалар үйі ауыр өмірлік жағдайға тап болған аналарға арналған дағдарыс орталығы ретінде қызмет көрсетуде.