- Қазақстанда алғаш рет «Сәби» қоры Noodome қауымдастығымен серіктесе отырып әлемге әйгілі ойшылдарды, ғалымдарды және визионерлерді біріктірген Future Talks зияткерлік форумын ұйымдастырды.
- «Сәби» қоры келушілерді қазақ халқының мәдениеті және тарихи мұрасымен таныстыру мақсатында Париж қаласындағы Шығыс өнерінің ұлттық музейінде өткен «Қазақ далалық өркениетінің мәдени коды» атты көрменің ұйымдастырылуына демеуші болды.
- «Сәби» қоры Мұқан Төлебаев атындағы музыка мектебіне Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ халқының ерлігі мен рухани беріктігіне арналған спектакльді ұйымдастыруға қаржылай қолдау көрсетті.
Жұмсалған қаражаттың жалпы сомасы 121 091 186 теңгені құрады.