• Биыл Қазақстанда алғаш рет коммерциялық емес ұйым қызметкерлеріне арналған Dos.Academy онлайн-мектебі өз жұмысын бастады. Осы бастама аясында «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетова мектептің негізгі сарапшыларының бірі ретінде шақырылды. Қайырымдылық саласындағы көпжылдық басқарушылық тәжірибесі мен үшінші сектордың даму үдерістерін жан-жақты түсінуі  арқылы, ол қатысушылармен өз тәжірибесі мен білімімен кеңінен бөлісті.