№174 мектеп-гимназиясы. Коучинг


2017 жылы «Сәби» Қоры Алматы қаласындағы Наурызбай ауданында орналасқан № 174 орта мектеп-гимназиясының құрылысын аяқтап, пайдалануға берген болатын. Бұл еліміздегі осындай көлемдегі (жалпы аумағы 3 гектар жерге 1 200 оқушыға арналған 12 000 шаршы метр мектеп) жеке-меншік қаражат есебінен салынып және қала әкімшілігіне тегін сыйға берген деген елде естімеген бірден-бір жаңалық болып табылады.

Енді міне үлкен іс бітті деп, өз-өзімізге риза болып отыратындай жағдай десек болады. Бірақ «Сәби» қоры үшін емес. Біз қаланың шалғай аудандарынан келген балаларға жаңа, заманауи, ыңғайлы және керемет жабдықталған ғимаратта оқуға мүмкіндік бердік. Енді оларды одан ары біліммен, іліммен ары жетектемекпіз.

Біздің келесі міндетіміз – оқушылардың  білім деңгейін көтеріп, олардың жеке-дара өсуіне жағдайлар жасап, ғылыми және шығармашылық қабілеттерін дамытып және көшбасшылық қасиеттерін арттыруға бағыт алдық.

Осы мақсатта «Сәби» қоры № 174 орта мектебінің білім беру жүйесін инновациялық дамытуға бағытталған жобалар мен қосалқы бағдарламаларды іске қостық, мысалға айтып кетсек:

- жоғары сынып оқушыларына арналған кәсіби тестілеу

- жоғары оқу орындарына түсуге және білім беру гранттарын алуға  мектеп түлектерін дайындау

- робототехника және бағдарламалау бойынша тренингтер

- тілдік курстар

- эко-қозғалысқа тарту

- өзін-өзі басқару және көшбасшылықты ұйымдастыру және дамыту

- басқалары.

Бұл іс-шаралар мектеп-интернаттың №174 мектеп-гимназиясының деңгейін көтереді деп күтілуде, ол Алматы қаласының мектептерінің рейтингінде және оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Баланың ересек адамға дейінгі жолында жауапты кезең - бұл білім беру. Сондықтан да оқу сапасына көп көңіл бөлу керек.

08.04.2019