№ 174 мектеп-гимназиясына 5 жыл

Бүгін №174 мектеп-гимназиясында екі мереке тойланып отыр – Білім күні мен 5-жылдық мерейтой. Осыдан тура бес жыл бұрын «Сәби» қоры Алматының Наурызбай ауданында жаңа, үлкен, заманауи мектеп салып, қала тұрғындарына сыйға тартты.

Осы уақыт ішінде мектеп ауданның барлық балалары оқуды армандайтын ең танымал оқу орындарының біріне айналды. Қазір мұнда 4000-ға жуық бала оқиды.

Біз өз тарапымыздан гимназияға жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Өткен жылы Қор барлық оқушыларға үшін инновациялық робототехника сыныбын жабдықтады; оның алдында аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге планшеттер берілді; сонымен қатар, Қор тұрақты негізде мектеп оқушылары үшін түрлі тегін үйірмелер мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыруда.

Биыл мектептің 5 жылдығына орай 1000 оқушыға арналған TopIQ цифрлық оқулық платформасына жыл сайынғы электронды жазылымды ұсындық. Платформада 1-11 сынып оқушылары мен мұғалімдерге арналған барлық ең өзекті оқу материалдары бар. Материалдар үнемі жетілдіріліп, толықтырылып, автоматты түрде тексерілетін аудио және бейне тапсырмалармен қамтамасыз етіліп отырады. Енді оқыту бұдан да технологиялық әрі ыңғайлы болады.

Сонымен қатар, біз мектептің сыртқы қелбетін толығымен жаңарттық. Қазір ол қайтадан ашық түстермен боялып, бұрынғыдай ауданның танымалды көрнекті белгісіне айналды.

Барлық оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Сіздерге тамаша көңіл-күй және оқуда толағай табыс тілейміз!

01.09.2022
07.02.2022
"Сәби" Қорының жұмысы қалай…

"Сәби" Қорының жұмысындағы жүйелі тәсіл дегеніміз не? Бір мысал келтірейік. 2017 жылы "Құрылыс жобасы" аясында…

Проект «Школа-гимназия №174. Коучинг»
07.10.2021
"Сәби" Қоры № 174 гимназияда…

Алматының Наурызбай өңіріндегі «Сәби» Қоры салған №174 мектеп-гимназияда робототехника кабинеті ашылды. Кабинетті…

Проект «Школа-гимназия №174. Коучинг»
28.08.2020
Мектеп оқушыларына…

Коронавирустық пандемия біздің өміріміздің барлық салаларына өз әсерін тигізді. Еліміздің білім беру жүйесінде де…

Проект «Школа-гимназия №174. Коучинг»