Бүгін №174 мектеп-гимназиясында екі мереке тойланып отыр – Білім күні мен 5-жылдық мерейтой. Осыдан тура бес жыл бұрын…
Алматының Наурызбай өңіріндегі «Сәби» Қоры салған №174 мектеп-гимназияда робототехника кабинеті ашылды. Кабинетті ұйымдастыруға жұмсалатын барлық шығындарды Қор өз мойнына алды. Жоба құны 10,6 миллион теңгені құрады.
Әсел Тасмағамбетова, «Сәби» Қайырымдылық Қорының Президенті:
«Құрметті әріптестер, қадірлі қонақтар!
Бүгін мен №174 мектеп-гимназияның роботехника кабинетін салтанатты түрде ашуға келіп, сіздермен жүздескеніме қуанышты болып тұрмын.
Өздеріңіз білетіндей, бұл мектеп 4 жыл бұрын ашылған еді, ал құрылысының өзі екі жылға созылды. Сол кездері мен құрылыс басында жүріп, кейін осы мектептің балаларға беретін білімі жетік болса екен, қала ішінде үздіктердің қатарына ілінсе екен деп армандайтынмын.
Сол арманымды орындау үшін мен әлі күнге дейін мектептің жағдайын, білімін жақсарту үшін жан-жақты ат салысып жатырмын.
Алдыңғы жылдары біз оқушыларға емтиханға дайындық сабақтарын және математиктер үйірмесін ұйымдастырдық. Былтыр пандемия кезінде 65 оқушыға планшеттер сыйладық.
Ал биылғы жылы біз өте күрделі жобаны іске асырдық. Осы мектепте робототехника кабинеті жоқ екенін ескеріп, бір бөлмені толықтай жөндеуден өткізіп, интерактивті құрал-жабдықтар, жаңа ноутбуктар, 3Д-принтерлер, 3Д-сканер, тіптен барлық жиһаздарына дейін сатып алдық.
Оқушының ой-өрісін арттыру үшін сыныптан тыс қосымша сабақтар болу керек. Әсіресе осындай қарқынды заманда, баланың жан-жақты дамуына робототехника пәні зор үлес қосады деп санаймын.
Кейіннен біздің оқушылар робототехниканы жетік меңгеріп, бағдарламалау және электроника саласында терең білімге құштарланады деген ниеттемін. Осылайша болашақ түлектер тек жүйріктердің қатарына ілініп, мектептің деңгейі арта береді деген сенімдемін».
№174 мектеп-гимназиясын «Сәби» Қоры салып, 2017 жылы пайдалануға берілді. Бұл елдегі мұндай масштабтағы объектінің (12000 шаршы метр, 1200 оқушы, 3 гектар аумақ) жеке қаражат есебінен салынып, қалаға мүлдем тегін сыйға берілген жалғыз үлгісі.
Бүгін №174 мектеп-гимназиясында екі мереке тойланып отыр – Білім күні мен 5-жылдық мерейтой. Осыдан тура бес жыл бұрын…
"Сәби" Қорының жұмысындағы жүйелі тәсіл дегеніміз не? Бір мысал келтірейік. 2017 жылы "Құрылыс жобасы" аясында…
Коронавирустық пандемия біздің өміріміздің барлық салаларына өз әсерін тигізді. Еліміздің білім беру жүйесінде де…