«Сәби» қорының 2023 жылғы есебі

2023 жылы «Сәби» қоры Қазақстанда өзінің жүйелік жобаларын іске асыруды жалғастырды. Биыл біз Атырауда бесінші жедел балалар хирургиясы бөлімін ашып, жергілікті хирургтерге шеберлік сыныбын ұйымдастырдық; Оралда төртінші робототехника орталығы іске қосылды; Bulgari үйімен үшінші бірлескен қайырымдылық кешін өткізді және медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға әсерлі соманы жинады; Астана қаласында жаңа орта мектеп салынды; Алматы қаласындағы балаларды оңалту орталығын толық қайта жаңғыртуды жүзеге асырды; қазақ тілінде ертегілер жинағын шығарды; Қазақстан Республикасының жас кәсіпкерлеріне $330 000 тегін гранттар берді; мұқтаж балалар мен ересектерге атаулы көмек көрсетті. Толығырақ біздің видеорепортажда.

Біз барлық достарымызға, серіктестерімізге, меценаттарға және жай қамқор адамдарға жыл бойы тұрақты көмек пен қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз. Жаңа жылда игі істер бұдан да көп болсын! Баршаңызға жаңа жыл құтты болсын!

28.12.2023
28.12.2022
«Сәби» қорының есебі

Әр жылдың өзіне тән ерекшелігі бар. Өтіп бара жатқан 2022 жыл Қорымыз үшін аса маңызды оқиғаларға және табыстарға толы…

Жыл қорытындысы бойынша есеп берулер
26.12.2022
«Сәби» қайырымдылық…

Сіздерге «Сәби» қорының 2022 жылы көрсетілген атаулы көмек туралы есебін ұсынамыз. «Сәби» қорының биылғы жылы…

Жыл қорытындысы бойынша есеп берулер
30.12.2021
2021 жылға атқарылған…

Жақында «Сәби» қорының құрылғанына 20 жыл толады. Осы жылдар бойы қор көмекке мұқтаж жандардың игілігі үшін жұмыс істеп,…

Жыл қорытындысы бойынша есеп берулер