2023 жылы «Сәби» қоры Қазақстанда өзінің жүйелік жобаларын іске асыруды жалғастырды. Биыл біз Атырауда бесінші жедел…
Әр жылдың өзіне тән ерекшелігі бар. Өтіп бара жатқан 2022 жыл Қорымыз үшін аса маңызды оқиғаларға және табыстарға толы болды.
Биыл «Сәби» Қоры өзінің 20-жылдық мерейтойын атап өтті. Осыған орай біздің Қор бірнеше әлеуметтік шараларды іске асырды.
Жылдың басында «Сәби» Қоры еліміздің қайғылы оқиғаларына ортақтасып «Қазақстан халқына» Қорына 1 млрд. теңге аударылды. Сонымен қатар қаза тапқан тәртіп сақтаушылардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетілді.
Ақпан айында Петропавл қаласында жаңа балаларға арналған шұғыл хирургиясын іске қосты.
Наурыз айында белгілі блогерлермен бірлесе паллиативті ем алып жүрген балаларға көмек көрсетіп жүрген арнайы Қорға «Жедел жәрдем» автокөлігі және қажетті жабдықтар сатып алынды.
Мамыр айында жүлде қоры 40 000 000 теңге құрайтын «Домбыра-Дастан» жас домбырашылар байқауының салтанатты финалы мен гала-концерті өткізілді.
Жаз айларында Алматы қаласындағы № 174 мектеп-гиназиясының қасбеті қайта жаңғыртылды.
Жаңа оқу жылына қарсы Петропавл және Семей қалаларында екі Робототехника орталықтарын ашылды.
Күзде «Өз ісіңді баста» атты жас кәсіпкерлерге гранттар тарататын байқауы 9-шы рет жарияланды.
«Саби» қоры Bvlgari зергерлік үйімен бірлесіп Алматыда әлемге әйгілі опера әншісі Хибла Герзмаваның қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. Шарадан түскен қаражат Атырау қаласындағы шұғыл балалар хирургиясының құрылысына бағытталатын болады.
Қазақстандағы SOS балалар ауылын біз бірнеше жылдан бері қолдап жүрміз. Биылғы жылы Алматыда орналасқан ауылдағы 1 үйді күрделі жөндеуден өткізілді, жаңа жиһаз бен тұрмыстық техника сатып алынды.
«Сәби» Қоры тек еліміздің ауқымды жобаларына белсенді қатысып жүрді, мысалы, Венециядағы Биенналедегі Қазақстанның павильонына және EdCrunch 2022 конференциясына бас демеушілердің бірі болды.
Үлкен жобалармен қатар, біз жеке тұлғалардан келіп түскен қаражаттарды жинап барынша атаулы көмектерді бірге алып жүрдік.
Қазіргі кезде біз жаңа бағыттарды жоспарлап отырмыз. Алдағы жылы бұдан да үлкен табыстарға жетуді нәсіп етсін!
Біздің қордың барлық жанашырларына, меценаттарға, көмекшілері мен демеушілерге жеке тұлғаларға жасалған қамқорлықтары мен сенімі үшін алғыс білдіреміз!
Келесі жылы халқымыз жағымды жаңалық пен қуанышты сәттерге кенеле берсін!
Жаңа жыл әрбір азаматқа, әрбір отбасыға бақ-береке әкелсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
2023 жылы «Сәби» қоры Қазақстанда өзінің жүйелік жобаларын іске асыруды жалғастырды. Биыл біз Атырауда бесінші жедел…
Сіздерге «Сәби» қорының 2022 жылы көрсетілген атаулы көмек туралы есебін ұсынамыз. «Сәби» қорының биылғы жылы…
Жақында «Сәби» қорының құрылғанына 20 жыл толады. Осы жылдар бойы қор көмекке мұқтаж жандардың игілігі үшін жұмыс істеп,…