«Сәби» Қорының 2024 жылғы қорытынды есебі

«Сәби» Қорының 2024 жылғы қорытынды есебі

2024 жылы «Сәби» қоры Қазақстанда өзінің қайырымдылық жобаларын сәтті жүзеге асырып, көптеген маңызды бастамаларға қолдау көрсетті. Біз Астанада дарынды балаларға арналған жаңа заманауи мектеп салып, сыйға тарттық, Шымкентте аты аңызға айналған «Фосфорник» мәдениет үйінің жаңа ғимаратының құрылысын бастауға кірістік, су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарды қолдауға қаражат бөлдік, балаларға арналған бесінші робототехника орталығын аштық. Сондай-ақ, Петропавл мен Семей қалаларындағы балалар хирургиясына қажетті жоғары дәлдіктегі медициналық жабдықтарды сатып алып, Ресейдегі медицина академиясында қазақстандық балалар хирургтарын оқыттық. Қайырымдылық кеш ұйымдастырып, балалар үйінің түлектеріне қаржылай көмек жинадық, студенттік кәсіпкерліктің әлемдік кубогына демеушілік жасадық, мәдениет және қазақ тілі саласындағы жобаларды қолдап, мұқтаж балалар мен ересектерге атаулы көмек көрсеттік. Толығырақ мәліметті бейнемізден көре аласыздар.

Біз барлық достарымызға, демеушілерімізге, серіктестерімізге, меценаттарымызға және қайырымды жандарға жыл бойы көрсеткен тұрақты көмек пен қолдауы үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Жаңа жылда игі істеріміз одан әрі арта түссін! Баршаға жаңа жыл құтты болсын!

27.12.2024
28.12.2023
«Сәби» қорының 2023 жылғы…

2023 жылы «Сәби» қоры Қазақстанда өзінің жүйелік жобаларын іске асыруды жалғастырды. Биыл біз Атырауда бесінші жедел…

Жыл қорытындысы бойынша есеп берулер
28.12.2022
«Сәби» қорының есебі

Әр жылдың өзіне тән ерекшелігі бар. Өтіп бара жатқан 2022 жыл Қорымыз үшін аса маңызды оқиғаларға және табыстарға толы…

Жыл қорытындысы бойынша есеп берулер
26.12.2022
«Сәби» қайырымдылық…

Сіздерге «Сәби» қорының 2022 жылы көрсетілген атаулы көмек туралы есебін ұсынамыз. «Сәби» қорының биылғы жылы…

Жыл қорытындысы бойынша есеп берулер