2017 жылы «Сәби» қоры Ақтөбе қаласында балалар үйінің түлектеріне арналған «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу…
Ақтөбедегі «Мейірім» жастардың әлеуметтік бейімделу орталығында 18-ден 29 жасқа дейінгі 100-ден астам тәрбиеленушілер - балалар үйін бітірген және арнайы мектеп-интернаттардың тұрғын үй және жұмысқа орналасуға мұқтаж түлектері тұрады. Бұл орталықта олардың тұрақты баспаналары бар және жұмыс атқарады. Мұнда олар жеке пәтерлерде тұрады, үй шаруашылығын дербес басқарады, танымал кәсіптерде оқиды, жұмыс тәжірибесі мен еңбек өтілі бар. Оқу-өндірістік процесті ұйымдастыру үшін «Мейірімде» тігін шеберханасы, аяқ киім шеберханасы, жылыжай мен гүл сататын дүкен, сұлулық салоны, акт залы және физиотерапия залы жұмыс істейді. Онда жұмыс істейтін жастар жалақы алады.
Сонымен қатар орталықта мүмкіндігі шектеулі адамдардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескерілген. Барлық аумақ және тұрғын үйлердің бірінші қабаттары мүгедектер арбасын пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін арнайы жабдықталған. Қазіргі уақытта бұл Орталықта ондай тұрғындар жоқ, бірақ «Мейірім» ерекше қажеттіліктері бар жастар үшін әрдайым ашық.
Қаладағы карантинге қарамастан, Орталықтағы өмірі әдеттегідей жалғасуда. Оқшауланған балалар жұмыс істеуді және оқуды жалғастыруда. Атап айтсақ, Skillbox танымал кәсіптердің мәскеулік онлайн университетінде біздің қор ұйымдастырған 6 студент қашықтықтан оқып жатыр. Студенттер ең заманауи және өзекті мамандықтар бойынша құнды білім алуда.
Оқудан басқа, балалар спортпен шұғылданады, шығармашылық және жеке өзін-өзі дамытуда. Мысалға, Марина Рейимова, 5 жыл бойы керлингпен кәсіби түрде айналысады. Биыл Марина өз командасының құрамында республикалық жарыста екінші және үшінші орынды иеленді.
Тағы бір студент Дмитрий Закиров кәсіпкерлікте сәтті қадамдар жасап жатыр. Дмитрий жарнама саласында жеке бизнесін дамытып және сонымен қатар Орталықта тұратын бірнеше жастардың жұмыс берушісі болып табылады.
Орталықтың тағы бір түлегі Динара Галимова бокстан спорт шеберіне үміткер. Облыстық республикалық байқауларға бірнеше рет қатысып, қала намысын қорғады.
Біз әрдайым балалардың өмірін қызығушылықпен қадағалаймыз және олардың жетістіктеріне өте қуаныштымыз! Осы жетістіктер - бұл біздің бірегей жобаны іске асырудағы барлық жұмысымыздың маңызды көрсеткіші.
2017 жылы «Сәби» қоры Ақтөбе қаласында балалар үйінің түлектеріне арналған «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу…
Біздің қор жүзеге асыратын барлық жобаларға біз ұзақ мерзімді қолдау көрсетеміз. Солардың бірі - «Сәби» қоры 2017 жылы…
«Сәби» қайырымдылық қорының президенті Әсел Тасмағамбетова Ақтөбе қаласының «Мейірім» жастар…