2017 жылы «Сәби» қоры Ақтөбе қаласында балалар үйінің түлектеріне арналған «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу…
«Сәби» қайырымдылық қорының президенті Әсел Тасмағамбетова Ақтөбе қаласының «Мейірім» жастар әлеуметтік бейімделу орталығына жұмыс сапарымен барып қайтты.
Бір жарым жыл бұрын өз қаражаты есебінен салынған бұл бірегей орталық Қазақстанда теңдесі жоқ. Мекеменің негізгі міндеттері - мүгедектігі бар балаларға ерекше назар аудара отырып, балалар үйлерінің түлектерін әлеуметтендіру, оңалту және жұмысқа орналастыру. Аталмыш орталық жетімдер үйінің және интернат түлектеріне арналған тағы бір жатақхана емес - бұл жас адамдар жеке пәтерлерде тұратын, шаруашылықтарын дербес басқаратын таунхаустар кешені. «Мейірім»-де оқу-өндірістік процесін ұйымдастыру үшін тігін шеберханасы, аяқ киім ұстаханасы, жылыжайлар мен гүлдер дүкені, сұлулық салоны, акт залы және дене шынықтыру бөлмесі бар.
Іс-сапардың басты мақсаты - мекемеде жастардың әлеуметтік бейімделу схемасы бүгінгі күні қалай жұмыс істейтінін білу. Сапар барысында Әсел Тасмағамбетовамен «Мейірім» орталығының директоры Ж.С. Дүйсенбинамен, орталықтың кураторлары мен әріптестерімен, сондай-ақ, қала әкімдігінің және қалалық білім беру бөлімінің өкілдерімен бірнеше жұмыс кездесуі өтті. Қолданыстағы жүйенің тиімділігі туралы мәселелер талқыланды, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасалды, әрі қарай жұмыс жасаудың бірлескен жоспары қабылданды.
Ерекше айта кететін жайт, орталықтың тұрғындары қордың жетекшілерін жылы қонақжайлылықпен қарсы алды. Әсел Иманғалиқызы тәрбиеленушілердің пәтерлеріне барып, дастархан үстінде болашаққа деген жоспарларымен және табыстарымен бөлісті.
Ендігі Ақтөбеге сапар келесі жылға жоспарланған.
2017 жылы «Сәби» қоры Ақтөбе қаласында балалар үйінің түлектеріне арналған «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу…
Біздің қор жүзеге асыратын барлық жобаларға біз ұзақ мерзімді қолдау көрсетеміз. Солардың бірі - «Сәби» қоры 2017 жылы…
Ақтөбедегі «Мейірім» жастардың әлеуметтік бейімделу орталығында 18-ден 29 жасқа дейінгі 100-ден астам тәрбиеленушілер -…