"Сәби" Қорының жұмысы қалай құрылады

"Сәби" Қорының жұмысындағы жүйелі тәсіл дегеніміз не? Бір мысал келтірейік.
2017 жылы "Құрылыс жобасы" аясында Алматы қаласының Наурызбай ауданында, Қор 1200 орындық №174 мектеп-гимназиясын салып, қалаға сыйға тартты. Нысанның сметалық құны 1 млрд. 830 млн. теңгені құрады.
Келесі кезең "№174 мектеп-гимназия. Коучинг", мекеменің білім беру жүйесін дамытуға бағытталған бағдарламаларды іске асыру болып табылады. Біз жоғары сынып оқушылары үшін кәсіби тестілеу, түлектерді жоғары оқу орындарына түсуге дайындау, бағдарламалауды оқыту, математиканы тереңдетіп оқыту курстарын және тағы басқаларын ұйымдастырдық.
Өткен жылдың қараша айында "Сәби" осы мектепте робототехника кабинетін ашып, оны заманауи жиһаздармен және инновациялық аспаптармен жабдықтады. Жоба құны 10,6 миллионды құрады.
Бүгін осы жерде мұғалімдерге арналған робототехника бойынша мастер-класс ұйымдастырылды.
Бұл сабақты "Өз бизнесіңді баста 2021" байқауының финалистері - қордан қараша айында 15 000$ көлемінде өтеусіз грантқа ие болған Qbit командасы өткізді.
"Сәби" Қоры балаларға сыйлық ретінде қосымша 5 конструкторды сыйлады.
Ал конструкторларды біз QBit компаниясынан сатып алдық, осылайша жас кәсіпкерлердің бизнесін коммерциялық тапсырыспен қолдадық.
Осындай кешенді тәсіл, бізге проблемаларды терең түсінуге және әртүрлі әлеуметтік бағыттар бойынша жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

03.02.2022
01.09.2022
№ 174 мектеп-гимназиясына 5…

Бүгін №174 мектеп-гимназиясында екі мереке тойланып отыр – Білім күні мен 5-жылдық мерейтой. Осыдан тура бес жыл бұрын…

Проект «Школа-гимназия №174. Коучинг»
07.10.2021
"Сәби" Қоры № 174 гимназияда…

Алматының Наурызбай өңіріндегі «Сәби» Қоры салған №174 мектеп-гимназияда робототехника кабинеті ашылды. Кабинетті…

Проект «Школа-гимназия №174. Коучинг»
28.08.2020
Мектеп оқушыларына…

Коронавирустық пандемия біздің өміріміздің барлық салаларына өз әсерін тигізді. Еліміздің білім беру жүйесінде де…

Проект «Школа-гимназия №174. Коучинг»