«Сәби» қоры дәрігерлерге арналған жеке қорғаныс құралдарын сатып алады

«Сәби» қоры коронавирустық инфекцияның таралуымен күресу бойынша жұмысын жалғастыруда. Қазіргі уақытта біз COVID-19 мәселесі ауыр болып тұрған Атырау аймағындағы дәрігерлерге 2000 жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) сатып алып сыйға тарттық. Әр жиынтықта науқастармен тікелей байланыста болатын дәрігерлерге арналған киім, маска, көзілдірік, аяқ киім және қолғап бар.

Біз алдында қорғаныс құралдарын іздеген кезде көптеген сатушылардың ұсынған тауарларының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмейтініне көзіміз жетті. Біз ЖҚҚ таңдауға өте жауапкершілікпен және мұқият келдік. Барлық жиынтықтар жоғары сапалы, сертификатталған медициналық құралдар болып табылады. Олар шынымен дәрігерлерді инфекциядан қорғайтын болады.

Сонымен қатар, ковид-позитивті пациенттермен тікелей жұмыс жасамайтын медициналық персоналды қорғау үшін біз 10 400 маска мен 10 000 қалқанды жібердік.

Сонымен бірге, біз COVID-19-қа қарсы жеке қорғаныс құралдардың, медициналық жабдықтардың және т.б. сатып алынған сынақтардың қажетті талаптары мен сипаттамаларын біз әрдайым денсаулық сақтау департаментінің өкілдерімен және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің келісімімен жасаймыз.

20.05.2020
21.11.2024
Балалар дәрігерлерінің…

2018 жылы «Сәби» қоры Қазақстан өңірлерінде балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында «Шұғыл…

Медициналық жоба
27.05.2024
Семей қаласына арналған…

Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры фибробронхоскопы бар балалар бронхоскопиясына…

Медициналық жоба
19.03.2024
Петропавл қаласына…

Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласында «Сәби» Қоры үшін Bvlgari зергерлік бұйымдары мен сағаттар үйі қайырымдылық…

Медициналық жоба