«Сәби» қоры Тараз қаласында балаларға арналған ойын қалашығын салды

Бүгін Тараз қаласында «Сәби» Қоры салған балалар ойын қалашығының салтанатты ашылуы өтті. Қор президенті Әсел Тасмағамбетова нысанды қала басшылығы мен тұрғындарына өзі таныстырды. Ресми ашылу салтанатына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, сондай-ақ Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев қатысты.

«Сәби» Қоры еліміздің барлық өңірлерінде балаларға арналған спорт нысандарын салып жатыр. Біз Қазақстанның ең көне қалаларының бірі – Тараздың көпғасырлық тарихына үлкен құрметпен қараймыз. Және біздің қор салған ең үлкен ойын алаңдарының бірі дәл осы қалада ашылғанына қуаныштымыз. Сонымен қатар жақында болған қайғылы оқиғалар туралы да ұмытуға болмайды, сондықтан біз осы сыйды Тараздың кішкентай тұрғындарына қуана-қуана тартамыз», - деді Әсел Тасмағамбетова өзінің алғы сөзінде.

Қазіргі кезде Қор салған жалпы ауданы 1500 ш. м. кешен – бұл Тараздағы гимнастика, спорт және ойын ғимараттары, аттракциондар, әткеншектер, теңгермелер, алтыбақандар, төбешіктер және қаланың 1 жастан 12 жасқа дейінгі тұрғындарына арналған басқа да спорттық жабдықтар орнатылған балалардың бос уақытын өткізетін жалғыз аймақ десе де болады.

Құрылыс кезінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың мүдделері ескерілді, олар үшін арнайы ойын кешендері орнатылды, бүкіл аумақта жарақаттан қорғайтын қауіпсіз резеңке жабыны төселді. Сонымен қатар, алаң аумағында ыңғайлы орындықтар мен қоқыс салатын жәшіктер орналастырылды.

Спорт нысаны толығымен Қор қаражаты есебінен салынып, қалаға сыйға берілді. Жобаның құны 44,5 миллион теңге құрады.

Өзінің «Спорт бағдарламасы» аясында «Сәби» Қоры 20 жыл ішінде Қазақстанның 14 өңірінде 48 спорт нысанын салып, жөндеп, жарақтандырды.

Біздің әдемі және жарқын алаңымыз қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналады және балалар мен ата-аналарға ең бақытты және қуанышты сәттерді сыйлайды деген сенімдеміз!

08.10.2021
03.07.2023
«Балдәурен» орталығына…

Жақында біздің қор «Балдәурен» балаларды оңалту орталығын қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуге кіріскенін жазғанбыз.…

Спорт-денсаулық-жетістіктер
30.11.2021
Астанада инклюзивті…

Біз Қазақстандағы Сбербанкты Астана қаласындағы инклюзивті балалар ойын алаңының ашылуымен құттықтауға асығамыз.…

Спорт-денсаулық-жетістіктер
11.11.2021
Тараз қаласындағы ойын…

Жақында қала күнін тойлау үшін «Сәби» қоры Таразға жалпы алаңы 1500 шаршы метр болатын көпфункционалды балалар ойын…

Спорт-денсаулық-жетістіктер