Тараз қаласындағы ойын кешенін кеңейтуге шешім қабылданды

Жақында қала күнін тойлау үшін «Сәби» қоры Таразға жалпы алаңы 1500 шаршы метр болатын көпфункционалды балалар ойын кешенін сыйға тартты. Балаларға арналған ойын алаңында гимнастикалық, спорттық және ойындық қондырғылар, аттракциондар, әткеншектер, таразы арқалықтары, карусельдер, сырғанақтар және  1 жастан 12 жасқа дейінгі кішкентай тұрғындарына арналған басқа да құрал -жабдықтар бар.

Нысан ашылатын күні қор басшылығы қалаға көп бала мен ата-ананың келгеніне назар аударды. Кешен тараздықтар арасында бірден өте танымал болып және тәулік бойы барлығына ашық болғаны үшін көңілінен шықты.

Осыған байланысты «Сәби» қорының басшылығы алаңды екі есеге ұлғайтуға шешім қабылдады! Бұл қаланың түкпір-түкпірінен келген отбасыларға бірге көңілді және пайдалы уақыт өткізуге мүмкіндік береді.

Бұл Тараз қаласындағы ең үлкен балалар ойын алаңы және Қазақстандағы ең ірі ойын алаңдардың бірі болып табылады!

22.10.2021
03.07.2023
«Балдәурен» орталығына…

Жақында біздің қор «Балдәурен» балаларды оңалту орталығын қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуге кіріскенін жазғанбыз.…

Спорт-денсаулық-жетістіктер
30.11.2021
Астанада инклюзивті…

Біз Қазақстандағы Сбербанкты Астана қаласындағы инклюзивті балалар ойын алаңының ашылуымен құттықтауға асығамыз.…

Спорт-денсаулық-жетістіктер
08.10.2021
«Сәби» қоры Тараз…

Бүгін Тараз қаласында «Сәби» Қоры салған балалар ойын қалашығының салтанатты ашылуы өтті. Қор президенті Әсел…

Спорт-денсаулық-жетістіктер