Біз Қазақстандағы Сбербанкты Астана қаласындағы инклюзивті балалар ойын алаңының ашылуымен құттықтауға асығамыз.…
Жақында біздің қор «Балдәурен» балаларды оңалту орталығын қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуге кіріскенін жазғанбыз. Орталық жүйке жүйесі мен тыныс алу мүшелерінің созылмалы ауруларына шалдыққан 7 мен 13 жас аралығындағы балаларды емдеумен айналысады. Мұнда жылына 2000-нан астам балаларға қызмет көрсетіледі.
Қазіргі уақытта мекеменің ойын және жатын бөлмелері мен оқу кабинеттерінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Қор «Спорттық жоба» аясында балалардың ашық ауада жаттығуы үшін Орталықтың ауласына балалар ойын алаңын орнатты. Бос кеңістікте сырғанақтар, әткеншектер, тепе-теңдік арқалықтар, өткелдер мен өрмелеу жақтаулары тамаша орналасқан.
Осылайша, бұл Қордың жасақтаған Қазақстандағы 49-шы спорт нысаны болды.
Ойын алаңы Орталық тәрбиеленушілерін оңалтудың ажырамас бөлігі және балалардың бос уақытын өткізетін сүйікті орнына айналатынына сенімдіміз.
Біз Қазақстандағы Сбербанкты Астана қаласындағы инклюзивті балалар ойын алаңының ашылуымен құттықтауға асығамыз.…
Жақында қала күнін тойлау үшін «Сәби» қоры Таразға жалпы алаңы 1500 шаршы метр болатын көпфункционалды балалар ойын…
Бүгін Тараз қаласында «Сәби» Қоры салған балалар ойын қалашығының салтанатты ашылуы өтті. Қор президенті Әсел…