2018 жылы «Сәби» қоры Қазақстан өңірлерінде балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында «Шұғыл…
Баспасөз хабарламасы
Іс-шара: "Сәби" қоры және Kaspi.kz коронавирусты анықтау үшін жедел тесттерді сатып алады
Тарату орны: Алматы, Нұр-Сұлтан
Күні: 19-24 наурыз, 2020 жыл
Жалпы алғанда, "Сәби" қоры және Kaspi.kz коронавирусты анықтау үшін 100 000 жедел тест пен өкпені желдетуге арналған аппаратты сатып алуға 210 000 000 теңге бөлді.
«Саби» қайырымдылық қорының президенті және негізін қалаушы Әсел Тасмағамбетова мен «Саби» қорының тең құрылтайшысы Кеңес Ракишев 100 000 000 теңге мөлшерінде коронавирусты анықтау үшін 50 000 тест сатып алып, Қазақстан Республикасы Медициналық сараптама орталығына қолдау көрсететін болады. Сонымен қатар, «Сәби» қоры V8600 өкпені желдетуге арналған аппаратты 10 000 000 теңгеге сатып алды.
Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким және Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Михаил Ломтадзе коронавирусты анықтау үшін 50 000 жедел тест сатып алуға 100 000 000 теңге бөлді.
Covid-19 коронавирусының таралуына байланысты елде төтенше жағдай режимінің жариялануына және кейіннен Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин жариялануына байланысты "Сәби" қоры өзінің «Медициналық жобасы» аясында қиын уақытта Қазақстан халқына көмек көрсетуді ұйғарды.
Kaspi.kz басшылары осы маңызды бастамаға қосылуға шешім қабылдады.
Жаңа коронавирусты уақытылы диагностикалау - бұл алғашқы кезде ауруды анықтап, вирусқа қарсы терапияны мүмкіндігінше ертерек бастауға мүмкіндік беретін өте маңызды манипуляция. Бұл өз кезегінде инфекцияның таралуын азайтады.
Осындай жағдайда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі - ол Қазақстан халқының өмірі мен денсаулығы үшін, өз елінің болашағы үшін тікелей жауапкершілік болып табылады.
100 000 дана көлеміндегі «Covid-19» коронавирусын анықтауға арналған жедел тесттер сатып алынып, «Олимп» клиникалық диагностикалық зертханаларында халыққа тегін сынақтан өткізу үшін «КДЛ Олимп» ЖШС-не тегін таратылады.
10 000 000 теңге мөлшеріндегі өкпені желдетуге арналған V8600 аппараты Алматыдағы ауруханалардың біріне сыйға тартылатын болады.
"Сәби" қоры туралы
«Саби» қоры 2002 жылы құрылған. Оның қызметінің негізгі бағыттары - бұл балалардың денсаулығы және олардың дұрыс физикалық дамуы және сонымен қатар руханият пен білімге қол жетімділік. Өз қызметін қоғамның ең осал топтарына бағыттай отырып, «Сәби» қоры жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік жағынан осал отбасылардың дарынды балаларына, денсаулығына байланысты проблемалары бар балаларға көмек көрсетумен, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік шектеулерін алумен айналысады.
Kaspi.kz туралы
Kaspi.kz Қазақстандағы ең үлкен төлем жүйесін, сауда платформасын және Fintech экожүйесін басқарады, оның мақсаты төлем, сатып алу және жеке қаржыны басқару әдістерін қолдану бойынша инновациялық өнімдер мен қызметтерін дамыту арқылы адамдардың өмірін жақсарту болып табылады. Біз озық технологиялар мен жеке деректерді талдауды қолдана отырып, бірыңғай интерфейс құру арқылы тұтынушылармен өзара әрекеттесуді ынталандырамыз.
Kaspi.kz экожүйесі Kaspi.kz мобильді қосымшаға негізделген, айына 6 миллионнан астам белсенді қолданушылары бар еліміздегі жетекші мобильді қосымша болып табылады.
2018 жылы «Сәби» қоры Қазақстан өңірлерінде балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында «Шұғыл…
Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры фибробронхоскопы бар балалар бронхоскопиясына…
Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласында «Сәби» Қоры үшін Bvlgari зергерлік бұйымдары мен сағаттар үйі қайырымдылық…