2018 жылы «Сәби» қоры Қазақстан өңірлерінде балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында «Шұғыл…
COVID-19 дертіне шалдыққан науқастар санының күрт артуы салдарынан Атырау облысында орын алған жағдайдың қаншалықты ауыр екендігі бәріне мәлім. Ресми деректерге сүйенсек облыста ауруды жұқтырғандардың саны бүгінгі таңда 9187 адам. Қалалық және аудандық ауруханалар мен дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтардың жетіспеушілігі өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды қиындата түсуде.
Осыған байланысты «Сәби» Қорының Президенті Асель Тасмагамбетова Атырау облысына өтеусіз табыстау үшін барынша қажетті медициналық препараттар мен жабдықтарды сатып алу туралы шешім қабылдады.
Қысқа мерзім ішінде Қор Атырау үшін 57 726 қаптама көлемінде коронавирусты емдеуге арналған дәрілік препараттарды, 1 000 медициналық бетпердені, 10 ИВЛ аппараттары мен қарқынды терапия палаталарында пайдалануға арналған 33 оттегі концентраторларын сатып әперді. Жұмсалған қаражаттың жалпы сомасы 128 млн.теңгені құрады.
Атыраудың орталық мешітінің бас имамының ықпалымен қалалық денсаулық сақтау Басқармасымен бірге барлық дәрі-дәрмектер емдеуші дәрігердің қатаң тағайындауы бойынша амбулаториялық ем қабылдап жатқан пациенттердің арасында тегін таратылатын болады. ИВЛ аппараттары мен оттегі концентраторлары қаланың ауруханаларына қайтарымсыз табысталады.
Таяу арада өңірде орын алған жағдай тұрақталады деп сенеміз.
2018 жылы «Сәби» қоры Қазақстан өңірлерінде балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында «Шұғыл…
Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры фибробронхоскопы бар балалар бронхоскопиясына…
Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласында «Сәби» Қоры үшін Bvlgari зергерлік бұйымдары мен сағаттар үйі қайырымдылық…