«Сәби» қоры «Домбыра-Дастан» байқауының жеңімпаздарына сыйақылар таратты

Өздеріңіз білетіндей, әртүрлі байқаулардың жеңімпаздарына арналған гранттардың төлеу үрдісі байқау аяқталғаннан кейін айтарлықтай уақытқа созылып, кешігіп жатады. «Домбыра-Дастан» байқауына келсек, жеңімпаздар жеңіп  алған ақшасын бір ай өтпей-ақ толық көлемде алды.

Жеңімпаздардан жүлделерін қалай жұмсайтындарын біз сұрастырдық. Мысалы, жасөспірімдер тобындағы Бас жүлде иегері Сағатбек Нұрдәулет ата-анасына пәтер сатып алуды жөн көрді. Көзінің зақымдануы бар ревматоидты артриттің салдарынан бала 5 жасынан бастап көру қабілетінен айырылған. Кезінде ата-анасы ұлының көздерін қалыпқа келтіру үшін үйлерін сатып жіберген, бірақ та ешқандай ем нәтиже бермеген. Нұрдәулет өз жағдайына қарамастан жеті жасынан домбыра тартуға әуес болды. Ол біздің сайыста ең жоғары деңгейде өнер көрсетті. Дарынды домбырашы болашақта атақты композитор болуды армандайды.

Жамбыл ауданы, Аса ауылында тұратын кіші топтағы Бас жүлде иегері Дәулетбай Аянаның ерекше таланты да отбасының жағдайын жақсартуға мүмкіндік бермек. Облыс орталығына көшу қыз баланың одан әрі дамуына және кәсіби музыкалық оқу орнында білімін жалғастыруына мүмкіндік береді.

Осылайша, «Домбыра-Дастан» байқауының бұрын-соңды болмаған 40 000 000 теңге көлеміндегі жүлде қоры жас домбырашылардың талантына берілген жоғары баға болып қана қоймай, балалар мен олардың отбасыларының өміріне сапалы өзгерістер әкелді.

 

21.06.2022
30.05.2024
Балаларды қорғау күніне…

2021 жылы "Сәби" Қоры Қазақстан өңірлерінде робототехника орталықтарын ұйымдастыру жөніндегі жобаны іске қосты. Аталған…

«Білім беру» бағдарламасы
18.07.2023
Сәби оқулары жобасы туралы

Біздің қор қазақ тіліндегі балалар әдебиетін насихаттауға арналған «Сәби оқулары» атты жаңа жобасы аясында Алматының…

«Білім беру» бағдарламасы
16.06.2023
«Сәби оқулары» жобасы

Құрметті достар, әріптестер және «Сәби» Қорының серіктестері! Қорымыздың құрылғанына 21 жыл толуына орай, біз қазақ…

«Білім беру» бағдарламасы