Балаларды қорғау күніне арналған жаңа робототехника кабинеті

2021 жылы "Сәби" Қоры Қазақстан өңірлерінде робототехника орталықтарын ұйымдастыру жөніндегі жобаны іске қосты. Аталған жоба шеңберінде Қазақстан өңірлеріндегі жалпы білім беру мекемелерінде заманауи робототехника кабинеттерін күрделі жөндеу және инновациялық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда іске қосылып, өз жұмысын бастаған орталықтар:

- Алматы қ. №174 мектеп-гимназиясында 2021 жылдың қазан айында;

- 2022 жылғы мамырда Петропавл қаласының №7 орта мектебінде;

- 2022 жылғы қыркүйекте Семей қаласының балалар мен жастар шығармашылық сарайы базасында;

- Орал қаласының оқушылар сарайы базасында 2023 жылдың ақпан айында. 

Биыл балаларды қорғау күніне орай біз Астана қаласындағы "Зерде" дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің базасында бесінші орталықты іске қосамыз.   

Бұл кабинет, барлық осы уақытқа дейін іске қосылған кабинеттер сияқты, ең заманауи интерактивті техникамен жабдықталған. Арнайы "Заттар интернеті", Lego, "Амперка",      "Матрешка " білім беру жинақтары, FTC жарыстарға арналған жиынтық, 3D принтер, датчиктер, Роботтар, конструкторлар және 7-ден 11-сыныпқа дейінгі оқушыларға арналған басқа да инновациялық жабдықтар сатып алынды. Сонымен қатар, жаңа эргономикалық жиһаз орнатылды.

Кабинеттің жалпы ауданы – 85 ш. м. жобаның құны 19 миллион теңгені құрады.

Сонымен қатар, мектеп мұғалімдері үшін жаңа жабдықты пайдалана отырып, "Робототехника" пәнін оқыту тақырыбында мастер-класс өткізілетін болады.

30.05.2024
18.07.2023
Сәби оқулары жобасы туралы

Біздің қор қазақ тіліндегі балалар әдебиетін насихаттауға арналған «Сәби оқулары» атты жаңа жобасы аясында Алматының…

«Білім беру» бағдарламасы
16.06.2023
«Сәби оқулары» жобасы

Құрметті достар, әріптестер және «Сәби» Қорының серіктестері! Қорымыздың құрылғанына 21 жыл толуына орай, біз қазақ…

«Білім беру» бағдарламасы
12.05.2023
Орал қаласы үшін…

2021 жылы "Сәби" Қоры Қазақстан өңірлерінде робототехника орталықтарын ұйымдастыру жөніндегі жобаны бастады, оның…

«Білім беру» бағдарламасы