Өткен жұмада «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетова Ақтау қаласына жұмыс сапарымен барды. 2019 жылы Асель…
«Сәби» қайырымдылық қорының президенті және құрылтайшысы Әсел Тасмағамбетова «Халық алғысы» құрметті медалімен марапатталды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 8 маусымдағы Жарлығына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы болып табылады.
Медаль білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларында жемісті еңбек етіп жүрген, сондай-ақ COVID-19 пандемиясына қарсы күресте ерекшеленген Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.
Пандемия кезінде Әсел Тасмағамбетованың жетекшілігімен «Сәби» қоры халыққа көмек беруге, коронавирустық инфекцияны анықтауға арналған тестілерді, медициналық құрал-жабдықтарды, дәрі-дәрмектерді, жеке қорғану құралдарын және басқа санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуге 1 137 393 000 теңге жұмсады.
Әсел Иманғалиқызын лайықты марапатпен құттықтаймыз және ауқымды қайырымдылық жобаларын жүзеге асыруда одан әрі сәттілік тілеймін!
Өткен жұмада «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетова Ақтау қаласына жұмыс сапарымен барды. 2019 жылы Асель…
Филантропия қазіргі қоғамның ажырамас бөлігіне айналуда. Әрине, әркімнің өз мүмкіндігінің шегі бар, бірақ аз ғана үлес болса…
Сәби қоры 7 жыл бойы «Өз ісіңді баста» атты жас кәсіпкерлерді қолдау конкурсын өткізіп келді. Осы уақыт ішінде…