Бүгін біз сіздермен Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры сатып алған жаңа…
Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді
Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын оқиғалардың бірі болды. ҚР 10 өңірінде төтенше жағдай енгізілді. Апат аймақтарынан 120 мыңға жуық адам эвакуацияланды, топан су мыңдаған үйлерге зақым келтірді. «Сәби» қорының құрылтайшылары - Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышев апатқа дереу көңіл бөліп, су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысы Жылыой ауданы мен Құлсары тұрғындарына 2,2 миллиард теңге сомасында қайырымдылық көмек көрсетті. Қаражат тұрғын үй салуға, сатып алуға және жөндеуге, құрылыс материалдарын, тұрмыстық техника мен жиһаздарды сатып алуға, сондай-ақ табиғи апат салдарынан келтірілген өзге де шығындарды өтеуге бағытталды.
Аталған шарадан біздің құрылтайшыларымыз негізін қалаған Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектептің оқушылары да шетте қалмады. Оқушылар бірнеше ай бойы қайырымдылық іс-шаралар өткізіп, қорға 6 635 544 теңге сомасын жинап тапсырды. Біз осы қаражатқа Атырау облысы Жылыой ауданындағы үш жалпы білім беретін мектеп пен екі бөбекжай үшін 5 интерактивті тақта сатып алдық.
Интерактивті тақталар оқу үдерісінде өте қолайлы құрал. Мультитач тақтада бірден бірнеше оқушыға жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мұғалімдер сабақтарды қызыты етіп дайындай алады және балаларды оқу үдерісіне белсенді түрде тарта алады.
Shokan School оқушыларына қайырымдылық іске қатысқаны үшін алғыс айтамыз, ал зардап шеккен аудандардың балаларына мектеп өміріне және қызықты іс-шараларға тезірек оралуға тілектеспіз!
Бүгін біз сіздермен Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры сатып алған жаңа…
"Сәби" Қоры тұрақты даму саласындағы ең ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылғанын…
Әсел Тасмағамбетова, эколог, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER), «Сәби» Қайырымдылық Қорының және…