«Сәби» қорына 9 миллион теңге аударылды

 Белгілі қазақстандық блогер Әлішер Елікбаев туған күнін бірнеше күн бұрын атап өткен болатын. Әлішер өзінің қырық жасқа толуына орай Ақтау қаласында балаларға арналған шұғыл хирургия бөлімін салуға «Сәби» қорына қаражат жинау туралы жариялады.  

Осыдан біршама бұрын біздің қордың тағы бір сенімді досы Бейбіт Әлібеков өзінің туған күнінде әлеуметтік желідегі жазылмандардың арасында дәл осындай акцияны бастаған болатын.

Жиналған қаражаттың жалпы сомасы 9 миллион теңгеден асқанын қуана хабарлаймыз!

Біз Бейбіт пен Әлішерге осындай керемет және игі бастама үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Солармен бірге, бізді қолдап, біздің қорға ақша аударған барша қауымға ерекше алғысымызды білдіреміз.

Бұл біз үшін үлкен қолдау және біріккенде үлкен белестерді асуға болатынын жарқын мысалы болып табылады.

Ақтауда балаларға арналған жедел хирургия салу жобасы басталғанын ресми түрде хабарлаймыз және көктемнің соңына дейін Маңғыстау өңірінде жаңа заманауи хирургиялық бөлімше ашуды жоспарлап отырмыз!

19.01.2021
21.11.2024
Балалар дәрігерлерінің…

2018 жылы «Сәби» қоры Қазақстан өңірлерінде балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында «Шұғыл…

Медициналық жоба
27.05.2024
Семей қаласына арналған…

Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры фибробронхоскопы бар балалар бронхоскопиясына…

Медициналық жоба
19.03.2024
Петропавл қаласына…

Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласында «Сәби» Қоры үшін Bvlgari зергерлік бұйымдары мен сағаттар үйі қайырымдылық…

Медициналық жоба