Жаңа  мекендегі  Сәби  үйінің  тіршілік  тынысы Бала – біздің болашағымыз. Сол болашақұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру – барша адамзаттың міндеті болса,ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға деген мейірімділік ерекше болуысөзсіз. Елбасы Н.?. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050 стратегиясы қалыптасқанмемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты дәстүрлі Жолдауындағы басымдықтардыңнегізгі бөлімнің бірі баланы қорғау, оның ішінде ата-анасың қамқорлығынсызқалған балалар құқығын қорғау болып отыр.

90 жылдан астам тарихы бар Қызылорда қаласында орналасқан Сәбиүйі Байсеитова көшесіндегі 50 жыл бұрын салынған типтік емес ескі ғимараттан2013 жылдың басында«Сәби»жеке қайырымдылық қорыныңдемеушілігімен еңселі де, жарық заманауи үлгідегі жабдықталған,отбасылық жылумен мейірлендірілген жаңа ғимаратқа қоныс аударды. Бұл салынғанғимаратта бала тәрбиесі мен күтіміне, оның жан-жақты өсіп жетілуіне, дамуына,емдік шаралардың сапалы жүргізілуіне барлық мүмкіндіктер толық қарастырылған.Ойын алаңдары, физио — массаж, емдік жаттығулар, баланың толық өсіп жетілуіне қалыптыорта жасау үшін қарастырылған Монтессори бөлмесі түрлі сенсорлық ойыншықтармен,жиһаздармен, модульдермен және құрал — жабдықтармен қарастырылып, олар біліктімамандармен қамтылған. Монтессори педагогикасында ерте жастан дамытудыңмаңыздылығы ерекше: баланың психофизиологиялық дамуына мүмкіндік жасайды,барлық сыртқы сезімді дамытады, жоғары интеллектуалдық көңіл күйді, соныменқатар этикалық және эстетикалық сезімді тәрбиелейді,баланы «дұрыс» қоршағанортаға қалыптастырады.

Осындай мүмкіншіліктер «Қалалық сәби үйі» статусын «Облыстықсәби үйіне» ауыстыруына үлкен ықпал етті. Осыған орай, Қызылорда облысәкімдігінің 2013 жылғы 06 тамызындағы № 221 қаулысына сәйкес, 01.09.2013 жылданбастап қалалық сәби үйінің атауы «Облыстық мамандандырылған сәби үйі» коммуналдықмемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

Барлық күту және тәрбие жұмыстары барынша үй жағдайындағыдайөткізіледі. Тәрбиешілер барынша аналық мейірімін төгіп, балаларды ауыртпайбағып – қағып, қолдан келгенше тәрбиелейді, сонымен бірге ауруды алдын – алу,науқас балаларды сауықтыру, оңалту-түзету, диспансерлеу жұмыстары жүргізіледі.Осындай көлемді жұмыстардың арқасында жалпы жұмыс көрсеткіштерінде мынадайжетістіктер бар: балалар өлімі орын алған жоқ, жұқпалы және соматикалық ауруларсаны азайды, тиімді емделудің арқасында сәбилердің жүйке психикалық жетілуіжақсарып, балалардың асырап алуға жарамдылығы артты.

Ізгілік пен қайырымдылық қадамы әрдайым құрметке лайық. Алжүрек жылуынан туған қайырымдылық шуағы сәбилерге арналып жатса, бұл құрметтіайырықша бағалауға тұрады. Елбасымыз «Алаштың анасына» балаған аймақтаорналасқан облыстық сәби үйі ұжымын ана мен баланы қорғау, оның ішіндеата-анасының қамкорынсыз қалған балаларды қорғау және қолдау ел саясатыныңмаңызды құрамдас бөлігі болуы қатты толқытады және қуантады.