Іс-шара аясында Әсел Иманғалиқызы «Сәби» қайырымдылық қоры жетекшілік еткен білім саласындағы жүйелі жобалардағы көп жылғы тәжірибесімен бөлісіп, ауқымды мектеп жобаларына да тоқталды.
2017 жылы Әсел Тасмағамбетова және оның жолдасы Кеңес Рақышев Алматы қаласына ауданы 12 мың шаршы метрге жуық және ауданы 3 гектар болатын №174 гимназияны сыйға тартты. Мектеп 1200 оқушыға арналған, қазір мұнда 3000-ға жуық бала білім алуда.
2020 жылы ерлі-зайыптылар Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектепті ашып, ол ТМД елдері аумағындағы алғаш экологиялық мектеп болып танылып, LEED сертификатына ие болды.
«Біз білім берудің классикалық қағидасын ұстанамыз, ол академиялық білімге негізделіп, оларға басқа дағдылар қосылып қабаттасуы мүмкін. Мектеп баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға белсене қатысуы керек. Балаға өзінің ішкі мүмкіндіктерін барынша дамытуға мүмкіндік беру керек, ол үшін мамандандырылған кабинеттер озық зертханалармен жабдықталған, көптеген сыныптан тыс шаралар өткізіледі. Тарихымызды білмей, болашаққа қадам жасай алмаймыз деп есептейміз. Сондықтан біздің түлектер қай жерде оқып, дамуды жоспарласа да, туған жерімен байланысын сақтауы қажет. Мектебімізде қазақ мәдениеті мен тілін оқытуға үлкен мән берілуде», — деп Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектептегі оқыту қағидаларын сипаттады Әсел Тасмағамбетова.
«Білім кеңістігі: миллионерлер неге білім беру жобаларын қолдайды» атты сессияны Forbes Kazakhstan журналының шығарушысы, Tan Media Group холдингінің иесі Арманжан Байтасов жүргізді.
Конференцияға сонымен қатар «Lancaster Group» акционері және директорлар кеңесінің төрағасы Берік Қаниев; кәсіпкер, меценат, «AQ Group» КТ бақылау кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов; «RaimbekGroup» АҚ иесі және директорлар кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов; әлеуметтік кәсіпкер, United World College (UWC Dilijan) жасөспірімдерге арналған халықаралық мектептің тең құрылтайшысы Вероника Зонабенд қатысты.
Әсел Тасмағамбетова Edcrunch Glocal 2021 халықаралық конференциясына қатысты
08.12.2021
09.09.2026
Қ. И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтыны…
Жаңалықтар
«Сәби» қоры қызметінің маңызды бағыттарының бірі – ұлттық мәдениет пен өнерді қолдау, Қазақстанның тарихи-мәдени және көркем мұрасын ел ішінде және ше…
28.08.2026
№174 мектеп-гимназиясы: бос жатқан алаңнан – 3000 бала …
Жаңалықтар
2015 жылы Наурызбай ауданы қарқынды дамып, жаңа тұрғын үй алаптары бой көтеріп, балалы отбасылардың саны арта түсті. Қолданыстағы мектептерде орын жет…
10.08.2026
Астанадағы №9 «Зерде» мектебінің 65 түлегінің барлығы б…
Жаңалықтар
Мектептегі білім беру сапасының жоғары деңгейін оның түлектерінің биылғы жетістігі тағы бір мәрте дәлелдеді: №9 «Зерде» мектебінің барлық 65 түлегі бі…