Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған қасиетті күн қарсаңында Алматыда халқымыздың қайсар рухы мен өлшеусіз ерлігіне тағзым ретінде жүректі тербейтін музыкалық қойылым сахналанды. Бұл тағылымы мол кешті Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық мектеп «Сәби» қорының қаржылық қолдауымен ұйымдастырып, ел жадында мәңгі сақталатын ерлікке құрмет білдірді.
Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында өткен қойылымда зал төрінен ел жадында өшпес ерлігімен мәңгілік із қалдырған қастерлі тұлғалар — соғыс ардагерлері ерекше ілтипатпен орын алды.
Тарихтың тағылымын ұрпаққа аманат ету жолында өз үлесімізді қосып, Отан тыныштығы үшін жанын пида еткен қаһармандарға шынайы алғысымызды білдіруге мүмкіндік туғанын үлкен мақтаныш санаймыз.