«Өркендеу» құрылыс жобасы

«ӨРКЕНДЕУ» ҚҰРЫЛЫС ЖОБАСЫ

Жобаның ұйымдастырушысы және орындаушысы:
«Сәби» Жекеменшік Қайырымдылық қоры» коммерциялық емес ұйымы

Мақсаты:
Ғимараттар мен құрылыстарды салу, үй-жайларды күрделі жөндеу, қайта қалпына келтіру және жабдықтау бойынша жұмыстарын жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының балалар әлеуметтік мекемелерінде, оның ішінде ауруханаларда, балалар үйлерінде, мектеп-интернаттарда тұрмыстық жағдайларды жақсарту.

Іске асырылу мерзімдері:
Тұрақты әрекет етуші жоба.

Мәселелердің қойылуы:
Әрі медициналық, әрі білім берудің әлеуметтік маңызы бар нысандардың қызметін қамтамасыз етуді бюджетті қаржыландырудың мөлшері жылдан-жылға өсуде. Салаларды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалар әзірленуде. Мектептерге, ауруханаларға, интернаттарға күрделі жөндеу жүргізілуде, жұмыс істеп тұрған нысандар үшін жаңа ғимараттар салынуда. Жақсы жаққа қарай өзгеруі әрбір мекемеден-ақ көрінеді.

Алайда осы саладағы жекеменшік капиталды жете бағаламауға болмайды. Өйткені, әлеуметтік мекемелердің күрделі қажеттіліктерін елеп-ескеру мемлекеттік сатып алудың ұзаққа созылған рәсімдерінен өту қажеттілігінің болмауы есебінен коммерциялық құрылымдар мен коммерциялық емес ұйымдардың тарапынан барынша жедел болуы мүмкін.

«Сәби» Қайырымдылық Қоры бірнеше жылдардың ішінде Қазақстан Республикасының балалар әлеуметтік мекемелеріндегі тұрмыстық жағдайларды жақсарту бойынша жұмыстарды нәтижелі түрде жүргізуде. 2003 жылдан бастап Қазақстанның 3 өңіріндегі 8 мекемесіндегі 8 нысан салынды және жөндеуден өткізілді. Қазіргі уақытта жаңадан туылған баладан 3 жасқа дейінгі жетім балалар тұратын Қызылорда қаласының Балалар үйіне арналған жаңа қазіргі заманғы ғимаратты салу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жұмыс істеп тұрған ескі ғимаратты Алматы қаласынан келген көшпелі комиссия авариялық және жөндеуге жатпайды деп таныды. Жоба барлық жаңа құрылыс технологиялары мен талаптарын ескере отырып, «Сәби» тапсырысы бойынша әзірленді.

Межелер:
Жоба 2003 жылдан бері жұмыс істейді. ҚР 5 өңірінде 10 нысан салынды және жөнделді. Басынан бастап 3 ірі нысан салынды:  
1. Қызылорда қ. 60 орындық сәбилер үйі (2012 жыл);  
2. Ақтөбе қ. «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығы (2017 жыл);  
3. Алматы қ. 1200 орындық № 174 жалпы білім беру гимназия-мектебі (2017 жыл).   

 

Жобаның тарихы

Алматы қаласы Бегалин көшесіндегі № 3 Балалар үйі қамқорлығындағы тәрбиеленушілеріне арналған жаңа асхана кешенінің құрылысы.

Жұмыс істеп тұрған асхананың жағдайын және оны жөндеу және жайластыру мүмкіндіктерін тексеру жеке бөлік тұратын жаңа кешенді салу қажеттілігі туралы қорытындыға әкелді. Басшылық аумақтағы ескі, едені, терезелері мен есіктері жоқ, қараусыз үй-жайды қалпына келтіру туралы шешім қабылдады. 5 айдан соң нысан өткізілді. Құрылысты салу кезінде ең жаңа және сапалы материалдар қолданылды: итальяндық гранит, әдемі қабырға және еден кафелі, жарқыраған сантехника, қайта жабдықталған тағам бөлімі және қосымша үй-жай: қосалқы бөлімше және қойма.

 

Қор Нүсіпбаев атындағы Қазақ облыстық № 4 мектеп-интернатына көмектесе бастады. Мектепте оқу жылының ішінде Алматы облысының алыс ауылдарының көп балалы, тұрмысы төмен қазақ отбасыларының 300-ден аса оқушысы оқиды және тұрады.

Мамандар мекеме асханасын күрделі жөндеу сметасын жасады, демеушілер тартылды. Жұмыс істеу үшін уақыт аз болды, олар үш ауысымда жұмыс жүргізді. Шатырды толығымен алып, едендерді ауыстырды, жаңа есіктер мен терезелер қойды, қоршауын жасады, жаңа коммуникациялар жүргізді. Күрделі жұмыс 1,5 айдың ішінде атқарылды. Жаңа асхана жаңа оқу жылының басында балаларға берілді.

 

«Жанұя» (бұрынғы № 3 балалар үйі) кешенінің ең кішкентай тәрбиеленушілеріне арналған жаңа бөлімшесі – балабақшаның құрылысы жасалды.

Ғимараттың барлық шатыры балалардың қажеттілігіне қарай толығымен қайта жаңартылды. Жатын және ойын бөлмелері, жуынатын бөлмелер және дәретханалар: барлығы ең жоғары сапа стандарттары бойынша орындалды. Жаңа жиһаз бен сантехника орналастырылды, перделер, кілемдер және көптеген ойыншықтар жайлы жағдай жасады. Балабақша балалар үйінің негізінде ұйымдастырылып жатқан уақытта осы нысан қаладағы алғашқы жоба болды.

 

№ 1 Қызылорда мектеп-интернатындағы асхана кешенін күрделі жөндеу.

Жоғары сапалы жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізілді, кешеннің барлық ескі үй-жайлары фойе мен тамақтану залынан бастап асүй, қосалқы және ыдыс жуатын қосалқы бөлімшелерге дейін толығымен қалпына келтірілді. Асүй жабдықтары ауыстырылды, жаңа жиһаз бен сантехника сатып алынды, терезелерге аппақ перделер ілінді. Сондай-ақ оңтүстік астанадан арнайы шақырылған кәсіби суретшілердің залдардың қабырғаларына салған өрнектері де жағымды көзге көрінетін ерекшеліктер болып табылады.

Мұқан Төлебаев атындағы Алматы музыкалық мектебін күрделі жөндеу.

Қордың жас талантты қазақстандықтарға ерекше ықыласты қарым-қатынасын ескер отырып, балалардың шығармашылық және рухани даму маңыздылығын түсіне келе, «Сәби» музыка мектебіне жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдады. Осы беделі бар оқу орнында жүргізілген жөндеу-құрылыс жұмыстарының нәтижесі оқушылардың жылы батереялары, тегіс едендері мен төбелері, шуылды оқшаулайтын қабырғалары, үлкен жарық терезелері бар жайлы кабинеттерде шығармашылықпен айналуына мүмкіндік туғызды.

 

Нүсіпбаев атындағы Қазақ мектеп-интернатының асхана кешенін жөндеу.

Жөндеу жұмыстары тамақтануға арналған залда және шағын форматта мерекелік іс-шаралар өткізуге арналған бөлмеде жүргізілді. Қабырғалары кәсіби суретшілердің өрнектермен безендірілген асхана Кішкентай Ханзаданың ертегілер еліне айналды.
«Жанұя» мамандырылған кешеніндегі балабақша мен асхана кешенін жөндеу мақсатында қажетті құрылыс материалдарын сатып алу үшін ақша қаражаттары бөлінді.

 

Қызылорда қаласы Балалар үйі мемлекеттік мекемесі үшін жаңа заманауи ғимарат салу бойынша ауқымды жұмыстарды орындау.

Қызылорда қаласы. Ауыр климаттық жағдайлар, Арал теңізінің экологиялық апат аймағы, таза ауыз суының тұрақты тапшылығы және нәтижесі ретінде, жергілікті халықтың, әсіресе балалардың өмірі мен денсаулығының төмен деңгейі, Қорымыздың ерекше назарын осы аймаққа аударуға түрткі болды.
Облыстық орталықта Байсейітов көшесі, 84 үй мекен-жайында орналасқан Сәби үйі – техникалық тұрғыдан қаланың ең қауіпсіз емес әлеуметтік мекемелерінің бірі. Бұл – 1956 жылы салынған каркас-қамыштан жасалған апаттық күйдегі, моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген ғимарат. Сазбалшықпен сыланған қабырғаларды мекеме қызметкерлері жете ағартады, бірақ бұл тұрақты су өту және ішінара опырылып құлаудан қорғамайды. Ондаған рет боялған терезе жақтаулары жарылып кеткен және қысқы аяз бен жазғы аптап ыстықтан қорғамайды. Орталықтандырылған жылыту жүйесі жоқ – тат басқан шіріп біткен құбырлар бойынша жартылай қираған қазандықпен жылытылады. Міне осындай қиын жағдайларда кішкентай балалар өмір сүреді, мұнда онсыз да ата-анасы мен жақын адамдарының қолдауынан айырылған балалар өз өмірін бастайды.
2009 жылы осы ұйымның инспекциясын ұйымдастырып, «Сәби» қайырымдылық қоры ескі құрылысты жөндеудің мақсатсыздығы жөнінде қорытындыға келіп, балалар үшін жаңа қазіргі заманға сай үй салу туралы шешім қабылдады. Қызылорда қ. Сәби үйі үшін жаңа ғимарат салу бойынша «Өркендеу» жобасы ең ауқымды, ресурс шығынды және қымбат жобаға айналды, оның жүзеге асырылуына 300 000 000 теңгеден астам қаражат жұмсалды.
Нысанның әлеуметтік маңызына қарамастан, Қордың бастамасы бірден қабылданған жоқ. Қызылорда қ. әкімдігі мен Денсаулық сақтау басқармасының мақұлдауы тек бір жылдан кейін ғана алынды. 2010 жылдың тамыз айында өзара әрекеттесу және ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, оған сәйкес құрылыс үшін қалалық әкімшілік Байсейітов көшесі, 84 үй мекен-жайы бойынша жер телімін бөлді. «Сәби» қоры дереу ЖСҚ әзірлеуге кірісті.
Алайда төрт айдан кейін, жұмыс жобасы дайын болғанда, қала билігі шешімін өзгертіп, құрылысқа Бейбарыс н/с көшесі бойындағы басқа жер телімін ұсынды. Осы шешім жаңа инженерлік-геологиялық іздеулерді қоса алғанда, ЖСҚ 100 %-на жуық қайта жасалуына әкеп соқтырды. Осымен проблемалар аяқталған жоқ.
Жер телімінде даярлық-жоспарлау жұмыстарын орындау кезінде, топырақта қалалық сызбаларда ескерілмеген 3 коммуникация құбыры анықталды. ЖСҚ-ны 3 рет толығына жуық қайта өзгертуге мәжбүр болдық, себебі құбырлар, соның ішінде жоғары қысымды газ құбырының болуы ғимараттың тұрғызылуын бірнеше ондаған метрге тасымалдануын қажет етті.
Жобаның мемлекеттік сараптамасынан өту үрдісі де оңай болған жоқ. Мамандар көптеген ескертулер жасады. Олардың жартысына жуық турасынан айтқанда ойдан шығарылған болды. Сараптама комиссиясының қорытындысын алу үшін тоғыз қажет болды.
Бірақ енді барлық қиыншылықтар артта қалды. Қазіргі таңда қорытынды жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан 2013 жылдың қаңтар айында пайдалануға беріледі. Ал көктемде ағаш, гүлдер, көгал алаңын отырғызу арқылы аумақты көгалдандыру жоспарланған.
Дизайны мен сәулет құрылысынан бастап жабдықталуы мен абаттандырылуымен аяқтай отырып, Қазақстанның әлеуметтік мекемелерінің арасында осы ғимарат жобасының баламасы жоқ. Пайдалану кезеңінде ғимаратты күтуге арналған бюджеттік қаражаттарды үнемдеу мәселелері дейін ескерілген. Бұл үлгілік ғимарат емес – біз сәбилер үшін барынша мүмкін жайлылық пен үй жағдайын құра отырып, «жауапсыздықтан» алыспыз. ЖСҚ жалпы ауданы 1717 ш.м. кірпіштен салынған 3 негізгі корпус (2 екі қабатты, 1 бір қабатты) құрылысы, отынның екі түрімен жылытылатын, автономды қазандық, қосалқы және техникалық бөлме-жайлар, үлкен жазғы павильондар құрылысы, балаларға арналған ойын алаңдарын, су бұрқағы бар және көгалдандырылған демалу аймақтарын бөлу, сплиттерлі блоктармен периметрін қоршау, барлық коммуникациялар өткізу, асфальтталған кіреберіс жолдарын және тас төселген жүргінші жолын төсеу, аумақты аймақтық және периметрлік жарықтандыру қарастырылған.
Ғимараттың іші қазіргі заманға сай, сапалы, экологиялық материалдарды қолдана отырып, ҚНжЕ және СанЕжН барлық нормативтерін ескере отырып, өңделген. Нысанды барлық қажетті жабдықпен, жиһазбен, интерьер заттарымен жабдықтауды да, құрметті мейірбандар қаражаты есебінен «Сәби» қоры өзіне жүктеді.
Бұдан басқа, жаңа мекемеде балаларды М. Монтессори жүйесі бойынша ерте дамыту бойынша жергілікті орталықтың ұйымдастырылуы қарастырылған. Оған РФ, Омск қаласынан арнайы жабдық пен материалдар сатып алынған, сонымен қатар Сәби үйі қызметкерлері үшін ресейлік Монтессори-Қауымдастығы оқытушысымен оқыту семинарлары өткізілген
Сөйтіп, бұл жай ғана жаңа ғимарат емес – бұл ең заманауи стандарттар бойынша салынған, сәбилер өз өмірін жылылықта, күтім мен үндестікте бастайтын мүлде басқа үй.

 

Қордың басшылығымен Балалар ауылының нобайлық жобасы келісілді. Барлық кажетті құжаттарды ресімдеу жұмыстарын өткізгеннен кейін «Сәби» Қоры жобалау-сметалық құжаттарын жасауға бірден кіріседі.

Жоба 407 шаршы метр құрайтын екі қабатты коттеджде әр-түрлі жастағы 10-14 балалардың және екі тәрбиешінің (тәрбиеші-ана және көмекші-апай) толыққанды тұруын қарастырды.

Бұл замануи, қолаулы үй Қазақстан Республикасының барлық құрылыс нормаларымен ережелеріне сай, мықты функционалды жиһаз және технологиялық жабдықтардың керекті тұрғын және қосалқы бөлмедерден тұратын болады. Бас жоба бойынша сыртқы инфруструктура да қарастырылған: балалар павильоны, ойын және спорт алаңшалары, шаруашылық және техникалық құрылымдар, жасылжелек.

Барлық қажетті құжаттарды ресімдеп болғаннан кейінгі жұмыс уақыты 2 жыл шамасын құрайды.

 

- қаңтар - Астана қаласындағы отбасылық үлгісіндегі жетім қалған және ата-анасының қамқорынсыз қалған 100-140 балаларға арналған ауылын салу жобасы басын бастады;

қазіргі кезде бөлінген жер телімінің шекаралары белгіленді, мемлекеттік инстанциялардан жер теліміне қажетті барлық құжаттары ресімделді, инженерлік-геодезиялық және геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді, тиісті қызмет жеткізушілерден барлық техническалық шарттар және сәулет-жобалау тапсырмасы алынды, Балалар ауылының эскиздік жобасы жасақталды және оны Астана қаласының Қалақұрылысы кеңесі бекітті;

- желтоқсан – Ақтөбе қ. әкімдігімен арнайы мектеп-интернат жетім балаларына арналған әлеуметтік жатақхана құрылысы бойынша келіссөздер жүргізілді.

 

сәуір 2015 жыл - «Сәби» Қайырымдылық Қоры«Өркендеу жобасының аясында Ақтобе қаласында балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, денсаулығының ауытқуына бейімделген әлеуметтік жатақханақұрылысын салуды бастады.

Бұл шешім Ақтобе қаласының қамқоршылық және қорғаншылық органдарына арнайы іс-сапаралармен кеңестердің нәтижесінде, деректердің талдауының нәтижесінде сонымен қатарАқтобе облысы мен қаласының әкімдеріменкеліссөздер жүргізілген кезде және олардың қолдаумен біздің ынтамыз қабылданды.

Алынған мәліметтер бойынша қазіргі уақытта Ақтобе облысында тек қана бір Жастар үйі жұмыс істейді, сол үйге облыстың интернаттық мекемелерінен кейін әлеуметтік бейімделу мақсатымен ата-анасының қамқорысыз қалған жетім балалар түседі. 1971 жылы салынып сапасы жағынан және табиғи әбден ескірген ғимарат, 100 орынға арналған, бірақта балаларды облыстың әр түкпірінен үздіксіз қабылдап толып кеткен. Бос орындардың тапшылығынан басқа балалар үйлерінің түлектерінің ерекше бір мәселесі бар ол дамуының шектеулігінде, сондықтан оларға бөлек тұру керек сосын әлеуметтік бейімделу уақыты басқаларға қарағанда ұзағырақ және әрдайым әлеуметтік – психологиялық сүйеуде қажет. Осындай балалар санатын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жаңа ғимараттың салынуы өткір қажет облып тұр.

Әлеуметті – экономикалық дәлелдемелер бойынша жалпы сыйымдылығы 80 орын болатын, соның ішінде бірінші қабаты арнайы арбалы мүгедектерге арналған 2 қабатты таунхаустардың сериясын тұрғызу жоспарлануда. Сонымен қатар түлектердің еңбектерін сауықтыру, оларға бастапқы қаржылық ауқаттылықты қамтамасыз ету мақсатындакішігірім цехсалу жоспарлануда. Бұдан басқаспортзал мен мәжіліс залы салуды және спорт алаңын салудықарастыруда. Барлық нысандар ҚР заманауи нормативті құжаттардың талаптарына сай болады. Салынатын ғимараттың жалпы ауданы шамамен 6000 шаршы метрді құрайды.

«Сәби» Қайырымдылық Қоры әлеуметтік жатақхананың жобалауын, тұрғызылуын, толықтай жабдықтандыруын, сондай-ақалаңның абаттандыуы мен көгалдандыруынөз басына алды. Барлық жұмыстардың аяқталуынан кейін және нысанқолданысқа тапсырылғаннанкейін ол болашақтағы қаржыландырумен оның жұмысын қамтамасыз ету үшін облыс әкімшілігінің есебіне тіркелінеді.

- маусым 2015 жыл - «Сәби» Қайырымдылық Қоры Ақтобе қаласының балалар үйлерінің түлектеріне арналған әлеуметтік жатақханасының нобайлық жобасы дайын болды;

- тамыз 2015 - қадағалау және бақылау инстанцияларына қажетті келісім қабылданып, құқықтық құжаттар мен жер құрылысының жобасыдайындалды және аймақта топографо-гедеозиялық жұмыстар жүргізілді;

- тамыз 2015 – аймақтағы инженерлік-геологиялық тексеру жұмыстары жүргізілді;

- қазан 2015 – ғимараттың сәулеттік жоспарына сай техникалық шарттары қабылданды;

- желтоқсан 2015 - жобаның бағалау жөніндегі құжаттары жүзеге асты;

- ақпан-наурыз – жоба туралы келісімнің барлық этапы орындалды;

- мамыр 2016 – жобаның сметалық құжаттамалары сыртқы желілері және жобасының негізгінде ведомстводан тыс жүргізілген кешенді сметалық сараптамасының оң нәтижесі алынған;

- мамыр 2016 – аймақтағы құрылыс-жөндеу жұмыстарының басталуы жөнінде ГАСК-ге хабарлама жіберілді;

- маусым 2016 – бірден 4 тұрғын үй кешені мен әкімшілік мекеменің іргетасын қалау жөнінде жұмыстар жүргізілді;

- желтоқсан 2016 – шағын цехы бар әкімшілік мекеменің жабдықтау жұмысы жүргізіліп, 16 пәтерден тұратын 1 тұрғын үй кешенінің құрылысы толығымен аяқталды.

 

қыркүйек 2015 – «Өркендеу» жобасы аясында «Сәби» Қайырымдылық Қоры тағы бір үлкен жобаның құрылысын бастады: Алматы қаласы, Наурызбай батыр ауданы, Ақжар поселкесінің батысында орналасқан 1200 орындық орта мектептің құрылысын бастады.

Бұл жоба Алматы қаласының әкімдігімен арадағы келісімшарт негізінде жүзеге асырылуда. Яғни, Қор әкімшілік ұсынған жобаның шығынын өз есебіне ала отырып, қайтарымсыз қаланың игілігіне ұсынады.

Қазіргі уақытта жобаның сметалық құжаттамалары мемлекеттік тапсырыспен әзірленіп, мемлекеттік экспертизадан оң нәтиже алынды.

Жобаға сай мектептің ғимараты 3,0026 га жер аумағында орналастырылады. 2-3 қабатты жертөлесі бар. Ғимараттың жалпы аумағы – 11625 кв.м.

- қараша 2015 – аймақішілік дайындық жұмыстары жүргізіліп, аймақтың өсімдік қабатын тазарту жұмысы жүргізілді, периметр бойынша қоршалып, техникалық шарттар алынды, қажетті қуатты коммункациялар жүргізілді;
- желтоқсан 2015 – іргетастың монолитті жұмыстары басталды;
- маусым 2016 – іргетасын және негізін қалау жұмыстары аяқталып, бетондау мен арматуралау жқмысы басталды;
- желтоқсан 2016 – 10 блоктың бетондау жұмысы аяқталып, сыртқы қабырғаны жасақтау жұмыстары жүргізілуде.

 

2017 жылғы желтоқсан, Алматы қаласындағы жалпы білім беретін №159 мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

2017 жылғы маусым, Ақтөбе қаласында балалар үйлерінің түлектеріне арналған 80 пәтерден тұратын «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығы салынды. Кешеннің жалпы ауданы - 4300 ш.м, 4 екі қабатты тұрғын таунхаус пен оқу-өндіріс кабинеттері бар бір әкімшілік-тұрмыстық ғимараттан тұрады, аумағы - 3 га. Жобаның сметалық құны – 1 млрд. 545 млн. теңге.

2017 жылғы қыркүйек, Алматы қаласында 1200 орындық жалпы білім беретін мектеп салынды. Құрылыстың жалпы ауданы – 12 000 шаршы метр, аумағы - 3 га. Жобаның сметалық құны 1 млрд. 830 млн теңге.

2018 тамыз, қазан, Алматы қ. Ы. Алтынсарин № 159 гимназия-мектебінде күрделі жөндеудің 2-кезеңі жүргізілді. Жазғы және күзгі демалыстар кезінде үшінші қабаттың дәліздері мен баспалдақтар аралығы боялды, барлық қабаттарда сантехникалық тораптар кафель жабындысын, терезелерді, сантехниканы, санфаянсты және жабдықтарды аустырумен толық жөнделді, желдеткіш және жылыту жүйесінің жұмысы жөнге келтірілді.

SOS Алматы балалар ауылы - 4 коттеджге күрделі жөндеу жүргізіліп, жиһазбен және тұрмыстық техникамен толық жабдықталды

SOS Алматы Балалар ауылы - жиһазбен және тұрмыстық техникамен толық жабдықтаумен үш коттеджді реновациялау жүргізілді. Жөндеуге жұмсалған қаражат сомасы 75 394 287 теңгені құрады.

01.09.2022
№ 174 мектеп-гимназиясына 5 жыл
Бүгін №174 мектеп-гимназиясында екі мереке тойланып отыр – Білім күні мен 5-жылдық мерейтой. Осыдан тура бес жыл бұрын…
Проект «Школа-гимназия №174. Коучинг»
03.02.2022
"Сәби" Қорының жұмысы қалай құрылады
"Сәби" Қорының жұмысындағы жүйелі тәсіл дегеніміз не? Бір мысал келтірейік. 2017 жылы "Құрылыс жобасы" аясында…
Проект «Школа-гимназия №174. Коучинг»
07.10.2021
"Сәби" Қоры № 174 гимназияда робототехника сыныбын ашты
Алматының Наурызбай өңіріндегі «Сәби» Қоры салған №174 мектеп-гимназияда робототехника кабинеті ашылды. Кабинетті…
Проект «Школа-гимназия №174. Коучинг»