2018 жылы «Сәби» қоры Қазақстан өңірлерінде балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында «Шұғыл…
ҚР өңірлерінде жедел балалар хирургиясы бөлімдерін салу бойынша жобаға қаражат жинауға арналған surgery.saby.kz сайттың іске қосылғаны туралы хабарлауға қуаныштымыз. Бүгінгі таңда біз Ақтау қаласында хирургия бөлімінің құрылысы үшін ақшалай қаражат жинаймыз, оның алдын-ала құны 600 000 $ құрайды.
Сайтта «Жобаны қолдау» қосымша парағында Қордың атына қайырымдылық жасаудың ыңғайлы тәсілдері орналастырылған:
- kaspi.kz қосымшасы арқылы, "Қайырымдылық" бөлімінен "Саби" Қорын таңдау арқылы
- сайтта орналастырылған онлайн-форма арқылы
- өз шотыңыздан № 4405637778447237 Қор шотына ақша аудару арқылы (Халық банк)
- Qiwi әмиян қызметін пайдалану арқылы, телефон нөмірі: +7 705 567 88 99
- сайтта көрсетілген деректемелер бойынша банктегі біздің шотымызға
- қолма-қол ақшаны Қор кассасына мына мекен-жай бойынша қайырымдылық жасау: Алматы қаласы, Достык, 250
- bitDonate қызметін қолдана отырып, криптовалюта түрінде қайырымдылық жасау
Сонымен қатар платформада жүзеге асырылған жобалар – Алматы және Семей қалаларындағы жедел балалар хирургиясы бөлімдері туралы ақпарат орналастырылған.
Достар, біз сіздің кез-келген үлесіңізді ризашылықпен қабылдаймыз. Сіздердің қолдауларыңызбен біз Қазақстан өңірлеріндегі балаларға сапалы, тиімді жедел медициналық және оңалту көмегін қамтамасыз ете аламыз.
2018 жылы «Сәби» қоры Қазақстан өңірлерінде балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында «Шұғыл…
Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры фибробронхоскопы бар балалар бронхоскопиясына…
Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласында «Сәби» Қоры үшін Bvlgari зергерлік бұйымдары мен сағаттар үйі қайырымдылық…