«Жедел балалар хирургиясы» сайты іске қосылды

ҚР өңірлерінде жедел балалар хирургиясы бөлімдерін салу бойынша жобаға қаражат жинауға арналған surgery.saby.kz сайттың іске қосылғаны туралы хабарлауға қуаныштымыз. Бүгінгі таңда біз Ақтау қаласында хирургия бөлімінің құрылысы үшін ақшалай қаражат жинаймыз, оның алдын-ала құны 600 000 $ құрайды.

Сайтта «Жобаны қолдау» қосымша парағында Қордың атына қайырымдылық жасаудың ыңғайлы тәсілдері орналастырылған:

- kaspi.kz қосымшасы арқылы, "Қайырымдылық" бөлімінен "Саби" Қорын таңдау арқылы
- сайтта орналастырылған онлайн-форма арқылы
- өз шотыңыздан № 4405637778447237 Қор шотына ақша аудару арқылы (Халық банк)
- Qiwi әмиян қызметін пайдалану арқылы, телефон нөмірі: +7 705 567 88 99
- сайтта көрсетілген деректемелер бойынша банктегі біздің шотымызға
- қолма-қол ақшаны Қор кассасына мына мекен-жай бойынша қайырымдылық жасау: Алматы қаласы, Достык, 250
- bitDonate қызметін қолдана отырып, криптовалюта түрінде қайырымдылық жасау

Сонымен қатар платформада жүзеге асырылған жобалар – Алматы және Семей қалаларындағы жедел балалар хирургиясы бөлімдері туралы ақпарат орналастырылған.

Достар, біз сіздің кез-келген үлесіңізді ризашылықпен қабылдаймыз. Сіздердің қолдауларыңызбен біз Қазақстан өңірлеріндегі балаларға сапалы, тиімді жедел медициналық және оңалту көмегін қамтамасыз ете аламыз.

22.12.2020
30.07.2021
Қазақстандық дәрігерлерге…

«Сәби» қоры «Шұғыл балалар хирургиясы» жобасы аясында Ресей мен Қазақстанның көрнекті балалар хирургтары,…

Медициналық жоба
18.06.2021
Біздің жобаны қолдағаны…

Ақтау қаласында ашылған Шұғыл балалар хирургиясын ұйымдастыру жобасын қаржыландыруға қатысқандардың барлығына…

Медициналық жоба
16.06.2021
Әсел Тасмағамбетова…

«Медициналық қызметтердің деңгейін бағалау критерийлерінің бірі, менің ойымша, жедел және тиімді жұмыс істейтін жедел…

Медициналық жоба