«Үміткерлерімізге» арналған спорт алаңы

«Үміткерлерімізге» арналған спорт алаңы «Сәби» Қорының «Спорт-денсаулық-жетістіктер» жобасы еліміздің әр түрлі аймақтарында жалғасын табуда. Үстіміздегі жыл да жобадан тыс қалған жоқ. Алдымен Петропавл қаласындағы балалар ойын кешені № 2 мектеп-интернатының кішкентай тәрбиеленушін қуантты.

Енді міне, Өскемен қаласында орналасқан «Үміт» Балалар үйінің оқушыларына арналған көп функционалды спорт алаңы құрылысы бітіп те қалды. Үйлесімді нысандарды тұрғызу бойынша Қормен бекітілген үлгілік шарттарға сай, 450 шаршы метрлік алаң 4 метр қорғаныс торымен қоршаланған, баскетбол шеңберлері, шағын футбол қақпалары, және алаңды басқа спорт түрлеріне, тез және оңай, қайта жабдықтауға мүмкіндік беретін ауыспалы тор салатын волейбол бағанасы орнатылды. Сонымен қатар, алаңның арнайы резиналық төсемі, жазғы кезде құлағанда жарақаттанудан сақтап, ал қыста мәнерлеп сырғанау мен хоккей ойнағанга мұз айдынын құюға ынғайланған. Тағы айтып кететін жайт - нысанды периметрмен жарықтандыратын күшті прожекторлар, балаларға күн батқанда да спортпен әрі қарай шұғылдануға мүмкіндік береді.

Көптен күткен жазғы дем алыс келіп те қалды және балаларға жасаған бұл сыйлық орнымен болып отыр.

Фотосуреттер

11.07.2011
03.07.2023
«Балдәурен» орталығына…

Жақында біздің қор «Балдәурен» балаларды оңалту орталығын қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуге кіріскенін жазғанбыз.…

Спорт-денсаулық-жетістіктер
30.11.2021
Астанада инклюзивті…

Біз Қазақстандағы Сбербанкты Астана қаласындағы инклюзивті балалар ойын алаңының ашылуымен құттықтауға асығамыз.…

Спорт-денсаулық-жетістіктер
11.11.2021
Тараз қаласындағы ойын…

Жақында қала күнін тойлау үшін «Сәби» қоры Таразға жалпы алаңы 1500 шаршы метр болатын көпфункционалды балалар ойын…

Спорт-денсаулық-жетістіктер