Эсте Лаудер (01. 07. 1908 – 24. 04. 2004) – американдық кәсіпкер, «Эсте Лаудер» Корпорациясының алғашқы негізін қалаушысы және…
Американың тарихында Томас Эдисоннан (1847-1931) асатын ойлап тапқыш болған емес. Жалпы санағанда ол 1000 аса АҚШта және 3000 жуық басқа елдерде патенттелген өнертабыстардың авторы. Бірақта бұндай жетістіктерге жету үшін ол өзінің шын көңілден айтылған сөздері бойынша, бірнеше мыңдаған сәтсіз ғылыми тәжірибелер жасады. Эдисон көзі тірі кезінде телеграфты, телефонды жетілдірді, микрофонды ойлап шығарды, фонографты ойлап тапты және ең бастысы өзінің қызу лампасымен Американы, содан кейін бүкіл әлемді жарықтандырды.
Ол бала кезінен бастап тәуелсіз болды. Ақша керек болған кезде, алып-сатумен айналысты – кәмпиттер, газеттер, жемістерді сатты. Сосын балаларды сатушы ретінде топқа шақырды, ал олар сатудан түскен түсіммен онымен бөлісті.
1878 жылы Томас Эдисон қызу лампасының өнеркәсіпке енгізумен айналыса бастады, соның арқасында үлкен атақтылыққа ей болды. Шамның өзі оның өнертабысы болған жоқ (бұл жерде басымдылық Александ Николаевич Ладыгин мен Павел Николаевич Яблочковқа ие болды), бірақ ол электротаратқыш системасы пен қызу шамының алғашқы рет бірлесе үнемді жұмыс істей алатын шамның түрін ойлап тапты. Эдисонның жарықтандырғышы сол кездегі газбен жұмыс істейтін жарықтандырғышымен бәсекелесе алатын еді. Электр қуаттын тәжірибелік қолданысын кеңейту үшін бұның маңыздылығы шамның ойлап табылғанынан кем болған жоқ. 1873 жылы мыңдаған тәжірибелерден кейін ол 40 сағат жанатын көмір сымды шамды ойлап шығарды. Ол тұрақты тоқ генераторын, электр беру сызығын және электр желісін құрастырды, сәл кешірек үшсымды жүйесін құрастырды.
1882 жылы Эдисон алғашқы орталықтандырылған электр станциясын Нью-Йорк қаласында ашты. Бұл деген Американың жарықтандыру өнеркәсібінің бастауы болды.
Томас Эдисонның пікірлері мен нақыл сөздері
Адамдардың көбісі ертең бай болып оянамын деп ойлайды. Жартылай олардың айтқаны рас. ?йтеуір бір күні шынымененде оянады.
Сенім деген ойлай алмайтындардың жұбаныш сылдырмағы.
Біздің ең үлкен қателігіміз болып, үміт үзіп қусырап отыру болып табылады. Табысқа қол жеткізу үшін тағы да бір рет тәуекелге салу керек.
Адамдардың көбісі титтей ойлануға ерініп, тоқтамай еңбек етуге дайын болады.
Көп адам табысқа бір қадам қалғанын сезбей морт кетіп, артқа шегініп жатады.
Прогресстің ең басты шарттары болып – мазасыздық пен қанағаттанбаушылық табылады.
Эсте Лаудер (01. 07. 1908 – 24. 04. 2004) – американдық кәсіпкер, «Эсте Лаудер» Корпорациясының алғашқы негізін қалаушысы және…
Айзек Азимов (Isaac Asimov, туылған кездегі аты ?саáк Ю́дович Ози́мов; 1920 жылдың қаңтардың 2 күні, РСФСР, Смоленская облысының,…
Я́нуш Ко́рчак (поляк тілінде. Janusz Korczak; шын аты Эрш Хе́нрик Го́льдшмит (поляк тілінде Henryk Goldszmit); 22 шілде 1878, Варшава — 6 тамыз…