Айзек Азимовтың кітабынан дана сөздер

Айзек Азимовтың кітабынан дана сөздер Айзек Азимов (Isaac Asimov, туылған кездегі аты ?саáк Ю́дович Ози́мов; 1920 жылдың қаңтардың 2 күні, РСФСР, Смоленская облысының, Петровичи, Шумячский ауылында дүниеге келді — 1992 жылдың 6 сәуірінде, АҚШ, Нью-Йоркте қайтыс болды) —американ жазушысы-фантаст, ғылым популяризаторы, биохимик.

500 астам кітаптың авторы, көбінесе (ғылыми фантастика жанрдегі және фэнтези, детектив, әзіл жанры) көркем және ғылыми танымал (әр саладағы – астрономиядан мен гентикадан тарих пен әдебиеттануға дейін).

Айзек Азимовтың барлық кітаптарын оқып шыққан адам жоқ шығар, сондықтар назарларыңызға шығармаларының ішіндегі есте сақталатын дана сөздерді ұсынамыз:

...белгісіздік қағидасынан алыстап кете алмайсың. Сәтсіздік әрқашан болуы мүмкінда, нақтырақ айтқанда – қашып құтыла алмайсың.
______________
« Сіріңке алыңыз»

... өмір – бұл жоғалту тізбегі. Сен жастық шағыңнан, ата-анаңнан, сүйіктіңнен, достарыңнан, денсаулығыңнан, ләззат алудан, ең соңында өмірдің өзінен айрыласың. Сен мұны қабылдай алмауың мүмкін – бірақ бәрібірде бұлардың барлығынан айрыласың.
______________
«Немезида»

Қорқыныш болуы қажет, ол әрдайым қауіп-қатерден сақ жүруге, өміріңді сақтауға септігін тигізеді.
______________
«Фантастикалық саяхат II»

Басқалар үшін жомарт болу оңай.
______________
«Фантастикалық саяхат II»

Сені ренжіткен адамға деген өкпеңді, ол ашулы кезде емес, сабырға келіп қайталаған кезде білдіруіңе болады.
______________
«Фантастикалық саяхат II»

...қанағаттанбаушылық адамзатты өркениет пен мәдениеттің қалыптасуына жағдай жасауға алып келді. Өмірде қанағаттану тозу мен тоқырауға ұшыратады.
______________
«Жаным, саған салқынба?»

... жылтыр алтын ақша керемет бал айын өткізуге ықпал етеді, бірақ өмір жөнінде салмақты ойлансаң, құр ақша жеткіліксіз.
______________
«Жаным, саған салқынба?»

Аурудан айығу, өмірде осы рахатты сезінуден артық бақыт жоқ шығар.
______________
«Соңғы жауап»

23.09.2016
03.02.2017
Эсте Лаудердің …

Эсте Лаудер (01. 07. 1908 – 24. 04. 2004) – американдық кәсіпкер, «Эсте Лаудер» Корпорациясының алғашқы негізін қалаушысы және…

Ұлылардың дана сөздері
03.08.2016
Януш Корчактың қарапайым…

Я́нуш Ко́рчак (поляк тілінде. Janusz Korczak; шын аты Эрш Хе́нрик Го́льдшмит (поляк тілінде Henryk Goldszmit); 22 шілде 1878, Варшава — 6 тамыз…

Ұлылардың дана сөздері
25.03.2016
«Кемеңгер ақсақал» Лао…

Лао-Цзы (Лаоцзы, Кәрі Сәби, Данагөй ақсақал) – біздің дәуірге дейін VI-V ғасырда өмір сүрген атақты ежелгіқытай философ-ойшылы.…

Ұлылардың дана сөздері