"Инватакси" қызметтері көліктерсіз қалуда

Біздің серіктестеріміз, достарымыз және көптен бері жазылушыларымыз "Сәби" қорының маңызды жобаларының бірі – "Инватакси" туралы бұрыннан біледі. Бұл жобаны қор 2008 жылы бастады. Оның аясында "Сәби" мүгедектер арбасын тез және қауіпсіз түсіру-көтеру үшін гидравликалық көтергіш құрылғылармен жабдықталған Volkswagen маркалы 62 мамандандырылған автокөлікті сатып алды. Бұл көліктер Қазақстанның 20 қаласының мүгедектер қоғамдарына сыйға тартылды, онда оларды ерекше қажеттіліктері бар 40 000-нан астам адам тегін пайдалана алды.

2014 жылы "Сәби" қоры бұл жоба бойынша қызметін аяқтады. Инватакси қызметтерін одан әрі қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерін көздейтін әлеуметтік қорғау басқармаларымен үшжақты келісімдерге қол қойылды.

"Орасан зор қаржылық және еңбек шығындарына қарамастан, бір жеке қордың күшімен еліміздің барлық мүгедектерін тасымалдау мәселесін шешу мүмкін емес екенін түсіну керек. Біздің бұндай мақсатымыз болған жоқ. Біз тек жобаны бастап, оны іс жүзінде сынап көрдік, тиімділігін көрсеттік. Әрі қарай оған мемлекет қолдау көрсетеді деп үміттендік. Себебі автокөліктер санын ұлғайту және жаңарту, оларды жарақтандыру, көлік қызметтерінің тізбесін кеңейту қажет", - деп атап өтті Әсел Тасмағамбетова 2012 жылғы баяндамасында. Бұндай ауқымды мәселені шешу - мемлекет құзыретінде.

Жақында қорға қалалық қызметтерінің бірінде инватакси автокөліктерінің нашар жағдайы туралы ақпарат түсті. Кезінде зауыттан жаңа, толық жабдықталған күйінде шыққан көліктің қазіргі жағдайы бізді алаңдатады. Бірақ, өкінішке орай, мұндай проблема бар екенін мойындау керек. Және тек бір қалада ғана емес.

Біз өз тарапымыздан қор сыйға тартқан автокөліктерді одан әрі қаржыландыру және техникалық қызмет көрсету мәселесін бірнеше рет көтердік. Бірақ, өкінішке орай, автокөлікті жөндеуге, жаңартуға ешкім қаржы бағыттамады. Автокөліктерді жөндеуге және жаңартуға ешкім қаражат бөлмейді. Әрине, 15 жыл бойы күнделікті жұмыс істейтін көліктер тозады және істен шығады.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған мұндай ауқымды әлеуметтік жоба мемлекеттік органдардың назарынан тыс қалып, қолдаусыз қалғанын көру өте өкінішті. 

«Инватакси» қызметтері ашылған барлық қалаларда «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларын» автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу мәселесіне мән беріп, сонымен қатар автопарктерді жаңарту және кеңейту туралы ойлануға шақырамыз. Тиімді қолдау жолдарын әзірлеу қажет, әйтпесе, көп ұзамай мүгедектер арнайы техникасыз қалуы мүмкін.

22.05.2023
16.11.2018
Бизнес сайсының…

«Сәби» Қоры «Өз ісіңді баста» байқауының финалистеріне гранттар ғана бөліп қана қоймай, әрқашанда оларға қодан…

«Мүгедектерге – лайықты өмір»
27.04.2018
«Мүгедектерге – лайықты…

Осы жылдар бойы «Сәби» Қоры сатып алған 62 арнайы автомобиль бүкіл Қазақстан бойынша мүмкіндіктері шектеулі адамдарды…

«Мүгедектерге – лайықты өмір»
25.08.2016
«?нватакси» - кедергі аз,…

«Сәби» Қорымен сатып алынып ҚР мүгедектер қоғамдарына тегін табыс етілген 62 арнайы «?нватакси» авто көліктері мүмкіндігі…

«Мүгедектерге – лайықты өмір»