Бизнес сайсының түлектерімен ынтымақтастық

«Сәби» Қоры «Өз ісіңді баста» байқауының финалистеріне гранттар ғана бөліп қана қоймай, әрқашанда оларға қодан келгенше қолдау көрсетеді. Біз сайыс жүлдегерлерімен үнемі өзара әрекеттесеміз. Олардың көпшілігі Қордан қосымша қолдау алып жүр, мысалы: біз кейбіреуіне тапсырыс береміз, кеңсеге арналған арзан орын-жайларды жалға тауып береміз, ақысыз жарнама жасаймыз, түрлі салаларда бірлесіп қызмет атқарамыз.

Мұндай ынтымақтастықтың ең бір жарқын үлгісі - бұл «Өз ісіңді баста 2017-2018» жеңімпаздарының бірі Елдос Баяшышбаевтың «Талдықорған қаласындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жатақхана құрылысы үшін жобасы» болып табылады.

Осылайша, байқауда бірінші орын алған аталмыш жас кәсіпкер 50 000 АҚШ доллары көлеміндегі грантқа қол жетіп қана қоймай, үстінен қосымша құрылыс компаниясының 30 000 000 теңгеге тең қызметтері түрінде қолдау алды. Оның құны біздің Қорға жүктелді.

Жатақхананың құрылыс жұмыстары осы жылдың қазан айында басталды.  Енді жобаны әрі қарай іске асыру тек қана Елдостың пысықтығына тікелей байланысты болады.  Нысанның аяқталуы  2019 жылдың аяғына дейін бітіріледі деп жоспарлауда.

 

16.11.2018
22.05.2023
"Инватакси" қызметтері…

Біздің серіктестеріміз, достарымыз және көптен бері жазылушыларымыз "Сәби" қорының маңызды жобаларының бірі –…

«Мүгедектерге – лайықты өмір»
27.04.2018
«Мүгедектерге – лайықты…

Осы жылдар бойы «Сәби» Қоры сатып алған 62 арнайы автомобиль бүкіл Қазақстан бойынша мүмкіндіктері шектеулі адамдарды…

«Мүгедектерге – лайықты өмір»
25.08.2016
«?нватакси» - кедергі аз,…

«Сәби» Қорымен сатып алынып ҚР мүгедектер қоғамдарына тегін табыс етілген 62 арнайы «?нватакси» авто көліктері мүмкіндігі…

«Мүгедектерге – лайықты өмір»