Жақсы жаңалықты бөлісуге асықпыз!Ақмола облыстық №2 ауруханасында жаңа акушерлік операциялық үстел орнатылды. Ал мамыр…
Күйінішті факт-: тұрғылықты халыққа білікті көмек көрсету үшін өмірлік маңызы бар медициналық қондырғыларды қажет ететін емдеу мекемелері бізде әлі де бар.
Солардың қатарында жыл сайын облыстың жеті ауданынан 200 мыңдай науқас қабылдайтын №02 Ақмола облыстық ауруханасы да бар.
Бұл мекеме шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетеді. Сондай-ақ, перзентханадағы жаңа туылған нәрестелер мен балаларға жәрдем көрсетеді. Алайда, жергілікті бюджеттен жеткілікті қаражат бөлінбей, аурухананың материалды-техникалық жабдықтары толықтырылмай отыр.
«Саби» Қоры аурухана басшылығының өтінішін жерге қалдырмады. Қажетті келіссөздер мен кеңес берулерден кейін, біздің жетекшілігімізбен 3D/4D мүмкіндігі және түрлі-түсті доплер әсері бар МС-7 Mindray премиум класстық диагностиканың ультрадыбыстық стационарлық жүйесі сонымен қатар науқасқа өкпесіндегі ауаны жаңарту процесінде ұсынылатын газдың жылынуы мен ылғалдануына арналған 2 тыныс алу қоспаларын ылғалдандырғыш алынды.
Аталмыш қондырғылар алдағы екі айда мекеменің перзентхана бөліміне орнатылады деп күтілуде.
Жақсы жаңалықты бөлісуге асықпыз!Ақмола облыстық №2 ауруханасында жаңа акушерлік операциялық үстел орнатылды. Ал мамыр…
Бір жыл бұрын №02 Ақмола облыстық ауруханасы керекті медициналық жабдықтарды сатып алуға көмек сұрап «Сәби» Қорына хат…
«Сәби» Қорымен № 2 Ақмола облыстық ауруханасына алдында тапсырыс берген медициналық жабдықтар келіп түсті. Аталған…