«Сәби» Қорының Спорт жобасы қайтадан Ақтөбеде

Былтырғы жылы Ақтөбе қаласында біздің Қор екі спорт жобасын қолданысқа берді: Ақтөбе облысындағы жастар үйінде көпфункционалды спорт алаңы мен Ақтөбенің №7 арнайы коррекциялық мектебінде балаларға арналған ойын алаңы. Бұл нысандар осы мекемелердің тәрбиеленушілеріне ғана емес көршілес орналасқан басқа да әлеуметтік ұйымдарына және де жақын жерде тұрып жатқан басқа да балалар үшін нағыз сыйлық болды.

Сондықтан Ақтөбе облысындағы есту қабілеті бұзылған арнайы (коррекциялық) мектеп-интернат-колледжінің бастықтарының жолдауы күтпеген жағдай емес. Жолдаухатта олар өздерінің тәрбиеленушілері ойнау үшін басқа мектептерге жүгірмеу үшін дәл сондай ойын алаңын салып беруді сұрады.

«Сәби» Қоры бұл өтінішке жоқ дей алмады. Жақында алтыбақанмен, әткеншектермен, екі жаққа тербелетін әткеншектермен, төбешіктер және өрмелгіштермен жабдықталған тағы бір ойын алаңы Ақтөбеде пайда болады.

27.07.2016
03.07.2023
«Балдәурен» орталығына…

Жақында біздің қор «Балдәурен» балаларды оңалту орталығын қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуге кіріскенін жазғанбыз.…

Спорт-денсаулық-жетістіктер
30.11.2021
Астанада инклюзивті…

Біз Қазақстандағы Сбербанкты Астана қаласындағы инклюзивті балалар ойын алаңының ашылуымен құттықтауға асығамыз.…

Спорт-денсаулық-жетістіктер
11.11.2021
Тараз қаласындағы ойын…

Жақында қала күнін тойлау үшін «Сәби» қоры Таразға жалпы алаңы 1500 шаршы метр болатын көпфункционалды балалар ойын…

Спорт-денсаулық-жетістіктер