Біз Қазақстандағы Сбербанкты Астана қаласындағы инклюзивті балалар ойын алаңының ашылуымен құттықтауға асығамыз. «Сәби» Қоры да осы жобаның бір бөлігі болғанына қуанышын білдіріп отыр. Біз өз тарапымыздан жобаны қолдау бойынша – әкімдікпен және Сбербанкпен Меморандум және мердігермен келісім-шарт жасағаннан бастап, құрылыс жұмыстарын нақты аяқтауға дейінгі жұмыстарды атқардық.
Біз Сбербанкке сенімдері үшін алғыс айтамыз және осындай ірі корпорациялар 20 жылдық сарапшылық тәжірибесі бар кәсіпқойлар ретінде бізге сенім артып, қайырымдылық саласындағы өз идеяларын жүзеге асыру үшін, қаржы ресурстарын біздің Қорға сеніп тапсыратынын қуана атап өткіміз келеді.