«Сәби» Қоры Атырау қаласында балаларға арналған ойын алаңын салады.

«Сәби» Қоры Атырау  қаласында балаларға арналған ойын алаңын салады. «Сәби» Қайырымдылық Қорының бірден-бір мақсаты – өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен дамуына қолайлы жағдай жасап, үлес қосу. Осы орайда біздің қор Қазақстанның әрбір қалаларында балаларға арналған сапалы әрі заманға сай ойын алаңын салу жұмысына кіріскен болатын. Бүгінде ойынға және спортқа арналған 35 нысана эксплутацияға жіберілді. Демек, бұл жоба 1000 балақайдың өз уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне жәрдемін тигізеді деген сөз.

2016 жылдың қараша айында «Спорт – денсаулық – жетістік» атты жоба аясында, спорт және ойын қалашығын салу жөнінде Атырау қаласының әкімшілігімен бірге меморандумға қол қойылды. Ойын алаңының мекенжайы Атырау қаласы, Сәтпаев көшесінде (19) орналасады деп жоспарлануда.

Ал 2017 жылдың мамыр айында аумағы 2000 шаршы метрді алатын Атырау қаласының кішкентай тұрғындары мен жасөспірімдері үшін жаңа әткеншектер мен арқандар, сырғанақ пен брусья, шынығуға арналған жаңа құрылғылармен жабдықталған спорттық ойын кешені пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, бұл кешенде қимыл-қозғалысқа мүмкіндігі шектеулі балалар үшін де арнайы жасақталған аумағы бар.

Бұл жоба қала үшін ғана емес, қор үшін де ерекшеленбек. Себебі, кешеннің дизайны жалпылама түрде емес, авторлық жұмыс ретінде халықаралық «КС?Л» компаниясымен бірлесе отырып жасалған. Алаңқай жұмысын жоспарлау барысында да жергілікті және шет елдік стандартқа сай сақтық шаралары ескерусіз қалмады. Балалар ойын барысында жарақаттанып қалмас үшін жерге резина төсемелер орнатылған.

Объектінің жобаланған құны – 70 000 000 теңге.

30.11.2016
03.07.2023
«Балдәурен» орталығына…

Жақында біздің қор «Балдәурен» балаларды оңалту орталығын қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуге кіріскенін жазғанбыз.…

Спорт-денсаулық-жетістіктер
30.11.2021
Астанада инклюзивті…

Біз Қазақстандағы Сбербанкты Астана қаласындағы инклюзивті балалар ойын алаңының ашылуымен құттықтауға асығамыз.…

Спорт-денсаулық-жетістіктер
11.11.2021
Тараз қаласындағы ойын…

Жақында қала күнін тойлау үшін «Сәби» қоры Таразға жалпы алаңы 1500 шаршы метр болатын көпфункционалды балалар ойын…

Спорт-денсаулық-жетістіктер