«Сәби» Қайырымдылық Қоры 13-ке толды

«Сәби»  Қайырымдылық Қоры 13-ке толды «Сәби» Қайырымдылық Қорының өзінің 13-ке толған күнін атап өтуде!

Осы жылдар ішінде қаншама жұмыстар атқарылды! Егер өткен шаққа қарасақ, іске асырылған жобаларымыздың барлығын мақтанышпен еске аламыз, кейбіреулері еліміздегі қайырымдылық қозғалысының тарихында алғашқы рет жетілдіріп және орындалып отыр.

Мысалға сондайдың біреуі болып «Мүгедектерге - лайықты өмір» атты жобаны айтуға болады: Қазақстанның 20 қаласын мүгедектерге арналған арбаны қолданатын қозғалысы шектеулі адамдарды тасуға арналған 62 арнайы көліктері аралап жүр. Көліктердің бәрі Қордың көмегімен сатып алынып, жергілікті мүгедектер қоғамдарына сый ретінде тапсырылды.

Қызылорда қаласында 60 орынды Сәби үйі тұрғызылып қолданысқа берілді. 2 – қабатты 3 корпусты 1717 шаршы метрлі ғимарат 4 жасқа дейінгі жетім балалардың қолайлы өмір сүру үшін салынып және толықтай жабдықталынды. Мекемеде облыстағы жалғыз ғана сертификатталған ерте даму «Монтессори» орталығы ашылды. 0,7 га жердің көгаландыру жұмыстары «Сәби» Қорымен жасалынған. Сонымен қатар сәбилерге арнайы үлкен ойын алаңы мен үсті жабылған жазғы павильон салынды.

«Спорт жобасының» аясында еліміздің 10 қаласында 30 спорттық және ойын нысандарын тұрғыздық. 20 интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілері тек қана таза ойнап немесе дене-шынықтырумен айналысып қана қоймай, сонымен қатар кәсіби спортпен шұғылдануға мүмкіндіктері бар.

Осы жылдар бойы «Білім беру жобасы» бойынша атқарып жатқан ісіміз жалғасып келеді: балалар үйлерімен біз тығыз байланыстамыз, сол жерде тұрып жатқан балаларға өмірлік жолын табуға көмектесіп жатырмыз. Ол үшін олармен алға бағытталған үлкен жұмыс жүргізілді: кәсіби бағыттау тестілеуі, ҰБТ дайындық курстары, психологиялық тренингтер, білім гранттарын бөлінді.

Ал дарынды жастарды қолдау «?лем» Бағдарламасының аясында Қазақстанттың дарынды жастарына жан-жақты қолдау жасалануда, соның ішінде еліміздің және әлемнің ең үздік оқу орындарына гранттар бөлінді. Жыл сайын «?лем» Бағдарламаның аясында мемлекеттік тілде ақындар сайысы өткізілуде. Қордың ұйымдастыруымен алғыр математиктерге 5 жылдық курсы ашылды. Сонымен қатар «Сәбидің» қолдауымен осы жылы жас бизнесмендерге арнап грант бөлінетін «Өз ісіңді жаса» деген байқау өткізілді.

«Жасөспірімдер» жобасы алматының балалар үйінен шыққан бұрынғы түлектерге үй мәселесін шешуге көмектесуде. Қорымыздың Алматыдағы 1 бөлмелі пәтердің 50 пайыздық құнын алғашқы төлем ретінде бөлінгеннен кейін, бірнеше жастар өз үйлеріне қол жеткізді.

Енді біздің басты жаңалығымыз – біз Ақтобе қаласында жетімдерге, денсаулығының ауытқуына шалдыққан арнайы интернаттан шыққан түлектерге арналған 80 орынды ?леуметтік жатақхана саламыз. Жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау бойынша, салуға, жабдықтауға, көгаландыру мен абаттандыруға кететін барлық шығындарды «Сәби» Қоры өзі өтейді.

Бұндай ауқымды жұмыс көп жылдар бойы бізді қолдап әрдайым қасымызда болып жүрген, оған қоса бізге толықтай сенім артып баға жетпес көмегін көрсеткен мейірбан адамдармен демеушілердің арқасында орындалды. РАХМЕТ сөзін айтудан ешқашан шаршамаймыз!

Қордың жұмысы туралы бейнероликке сілтеме
Қордың жұмысы туралы есептемеге сілтеме

20.04.2015
20.09.2024
Атырау облысының…

Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…

Жаңалықтар
06.09.2024
"Сәби" қайырымдылық қоры…

Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышевтің "Сәби" қайырымдылық қоры Астана қаласына дарынды балаларға арналған мектеп…

Жаңалықтар
06.09.2024
Жаңа бронхоскоптың…

Бүгін біз сіздермен Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне  арнап "Сәби" қоры сатып алған жаңа…

Жаңалықтар